Медицинадан сатушы-кеңесшіге дейін
Мен өмір бойы медицинада жұмыс істеп келдім, мамандығым – мейірбике. Жұбайым әскери адам болғандықтан, біз елдің түкпір-түкпірін шарлап шыққанбыз, гарнизондарда тұрып, шекара да асып көрдік. Сол жақта мен де еңбек еттім.
Алматыға қайтып оралған кезде мен кәсібімді біржола өзгерту туралы шешімге келдім. «Сәтті Жұлдызға» жұмысқа қабылдау туралы хабарландыруды көріп, сұрастырып, сұқбаттасуға бардым. Шынын айтқанда, менің жасымда жұмыс табу қиын, бірақ бұл жерде адамның жасына мән бермейді - 18-65 жас аралығындағы адамдарды қабылдай береді.
Мойындау керек, мен сол уақытта Қазақстанда ұлттық лоторея барын білмеппін - соңғы рет мен оны біраз жыл бұрын, жүргізушісі Сергей Погосян болып тұрғанда ойнаппын. Мен ол шақта демалыс күндеріне орай балаларға «Бинго» лоторея билеттерін сатып әперіп жүрдім, ал өзім мүлде қатыспаппын. Мен құмар қуған адам емеспін, өз еңбегіммен ақша тапқанға үйреніп қалғанмын. Тәжірибемде ірі ұтыстар болмады, негізінен жұбаныш сыйлықтарын алыппыз.
Компанияға келген уақытта бірнеше күн оқып, білім алып, жұмысыма кірістім. Негізгі міндетім – адамдармен қарым-қатынас жасау, бұл кеңесші үшін ең маңызды нәрсе. Адамдарға өзіңізді оңай тыңдата білуіңіз керек, оларға кеңес беріп, лоторея туралы айтып, қатысушының көңілін көтеруіңіз, тіпті ол жеңіліп қалып жатса да, көңілді болуын қамтамасыз етуіңіз қажет.