Барша қазақстандықтар үшін баспана мәселесі – қашан да өзекті. Бүгінде кейбір адамдар жалдамалы пәтер сағалап жүрсе, екіншілері ақшасын жинап ипотека көмегімен баспаналы болады. Бірақ екінші деңгейлі банктер ұсынып отырған несиенің пайыздық мөлшерлемесін халықтың қалтасы көтере бермейді. Алайда елімізде тиімді мөлшерлемемен ипотека алуға мүмкіндік беретін мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары бар екенін біле жүргеніміз жөн , деп хабарлайды NUR.KZ.