интернет-конференция "Казахтелеком" НА NUR.KZ
ОТВЕТЫ
на вопросы, заданные на казахском языке 23, 24, 25 августа
  • Еспенбетов Нурмухамед
    Интернет әлсіз. Косылғанда жаксы еді кәзір нашар. 2рет жазып жатырмын жауап болама?
    Куанышбек Есекеев
    Қайырлы күн, Нұрмұхамед! Біз интернетке қосылу нүктесінде байланыс сапасын тексердік, нәтижесінде қызметтің жұмысында ақау жоқ екені анықталды. Интернетке қосылу жылдамдығы тарифтік жоспарға сәйкес келеді. Сізге WiFi қосылымы бойынша кеңес берілді.
  • Максут Калиев
    Қайырлы күн, мен Сізге алдында жазғанмын, біздің көшеде интернет жоқ деп, сол мәселе бойынша ештеңе шешілмеді, жауабтары ""әзірге мүмкіндік жоқ"" деп. Сабақ басталуға уақыт келді, ешқандай өзгеріс жоқ.
    Куанышбек Есекеев
    Сәлем Мақсұт! Өкінішке орай, сіз тұратын ауданда телекоммуникация желілерінің құрылысы ағымдағы жылға жоспарланбаған. Сымды Интернетке қосылудың заманауи баламасы ретінде 4G сымсыз интернет байланысын ұсынамыз. Қызметтерге қосылуға http://telecom.kz веб-сайтындағы жеке кабинетіңіз арқылы, сондай -ақ 8 (708) 0000160 телефоны бойынша WhatsApp мессенджері арқылы өтініш бере аласыз.
  • Аманкулов Нурбек
    Біз Ақмола облысы Қосшы қаласы болдық. Бізде қашан интернет кабель қашан болады. Қалада 70 80 мың адам тұраы.
    Куанышбек Есекеев
    Қайырлы күн, Нұрбек! Сіздің мекен -жайыңыз бойынша «Қазақтелеком» АҚ сымды байланыс желілерін салу 2021 жылға жоспарланбаған, себебі бүгінгі күні кең жолақты интернет желілерін дамыту тұжырымдамасы сымсыз технологияны кеңінен қолдану болып табылады. Әзірге сымды интернеттің заманауи баламасы ретінде LTE 4G технологиясын қолдана отырып, жоғары жылдамдықты сымсыз интернетке қосылуды ұсынамын. Сонымен қатар, компаниямыз Қосшыда жер үсті байланыс арналары арқылы кең жолақты интернетке қосылуға ешбір техникалық мүмкіндігі жоқ абоненттер үшін жаңа пилоттық жобаны іске қосты. Оның ерекшелігі 4G технологиясының базасында FWA технологиясы, яғни интернетке тіркелген кең жолақты қосылуды қамтамасыз ететін тәсіл арқылы тартады. Бұл қызметті одан әрі дамыту 2022 жылдың 1 тоқсанында жоспарланған.
  • Жанболат Молдашев
    Сәлеметсіз бе Қуанышбек Есекеев. Менде интернет+телефон Қазақтелекомның. 4567 ай сайын төлемнің төлеп отырмын, қарыз болған емеспін. Интернет өте нашар. Телекомға қызмет көрсету орталығына өтінім бастаймын, еш өзгеріс болмайды. Қызметкерлеріңіз өзіме интеретінді өшіреміз, үйің алыста, столбтар энергетиктердікі бізге пайдан жоқ деп айтады. Маған көмек беріңіздер. Мен көп балалы отбасымын, менің студент балаларым бар, оларға интернет керек ондай сабақтары бар. Неге кабельдеді жөндеп жалғап бермейді мен 2012 жылдан бері иетернетке қосылғанмын. Менің сұрағымды ашық қалдырмауыңызды сұраймын. Менің ұялы тел.номерім +77788753090
    Куанышбек Есекеев
    Қайырлы күн, Жанболат. Сіздің мәселеңіз бойынша, көрсеткен мекен-жайға маман-техниктер жіберілді. Желідегі ақаулар жөнделіп, тексерілді. Қазіргі таңда қызмет дұрыс жұмыс істеп тұр. Сізге қызмет көрсетуге дайынбыз.
  • Нурсанат Бейсебееова
    Мен Карасай ауданы Райымбек ауылына итернет жүйесін орнатуларыңызды сұраймын .Балалардың білім алуына көмек .Əр отбасында төрт баладан бар.
    Куанышбек Есекеев
    Қайырлы күн, Нұрсанат! Компания қызметкерлері сізге хабарласып, үйіңізді телекоммуникация желісіне қосуға қажетті құрылыс жұмыстары туралы ақпарат берді. Маған әріптестерім хабарлағандай, сіз интернет тартуға қатысты ұсынылған шарттармен келіскен екенсіз. Енді қажетті құжаттарды жинақтап, Қаскелең қ. Абылайхан көшесі, 80 мекен-жайында орналасқан бөлімшемізде өзіңізді күтеміз. Сіз сондай -ақ қызметтерді қосуға http://telecom.kz сайтындағы жеке кабинетіңіз арқылы, сондай -ақ компания арқылы өтініш бере аласыз. WhatsApp мессенджері, мына нөмір бойынша: 8 (708) 0000161
  • СЕЙТБЕКОВА СӘУЛЕ МАХАМБЕТОВНА
    Саламатсыз ба Қуаныш ага менің сұрағым. Өткен жылы онлайын болған соң мен Түркістан обл. Мақтаарал ауданының Мырза кент қалашық та орналасқан Казтелекомнан вайпай желісіне тұрғанын, бірақ биыл вайпай желісінен отказ жасадым. Себебі желі жақсы устамайды. Осы жылы мамыр айында барлығын төлеп, берілген құрылғыны тапсырған, бірақ осы айға дейін Казтелекомнан звандап мазамды алады. ЖӘНЕДЕ сообщения келеді сіз 16800 теңге толесыз деп. Мырза кент калашыгындагы Казтелекомга бар сан база қабылда май жатыр деп. Шығарып салады осы мәселені шешіп беруынызды сұраймын. Снята жасағаны ма үш ай болды. Ақшасы ай сайын өсіп жатыр. Неге жақсы жұмыс жасамай сыздар.
    Куанышбек Есекеев
    Қайырлы күн, Сәуле Махамбетовна! Мұндай келеңсіздіктің орын алғаны үшін кешірім сұраймыз. Қате төлемдер қайта есептеліп, жақын күндері сіздің жеке есеп шотыңызға аударылатын болады.
  • Багила
    Балалардын 3 аи каникулга шыкканда уакытша сонируге болама, арыз жазып. Себеби бизге кажети жок. Биз сол мектептин сабагы ушин косып отырмыз.
    Куанышбек Есекеев
    Қайырлы күн, Бағила! Бізде интернет қызметін 3 айға уақытша ажырату мүмкіндігі қарастырылған. Дегенмен, порт сіздің атыңызда сақталуы үшін ай сайын 1000 теңге төлеп отыру қажет. Осы қызметті қостыруға мүдделі болсаңыз, Ақтау ауылындағы қызмет бюросына хабарласуыңыз қажет, немесе WhatsApp каналы арқылы +7 708 0000 160 байланысуға кеңес береміз.
  • Жанна Әуезова
    Осы қыстау заманда неге пения қойасыздар қазақ қазақа қиянат жасап жатыр деп ойламайсызба
    Куанышбек Есекеев
    Қайырлы кеш, Жанна! Жария шарттың талаптарына сәйкес, абонент есеп айырысу айынан кейінгі әр айдың жиырма бесінші күніне дейін, көрсетілген қызметтер үшін төлемдерді ай сайын толық және уақытылы жүргізуге міндетті. Бұл ретте оператор, егер абонент қарызды уақытында төлемесе, кешіктірілген әрбір күн үшін берешек соманың 0,5% мөлшерінде, бірақ 30 күннен аспайтын мерзімде төлемегені үшін айыппұл алуға құқылы. Келісім барлық абоненттерге бірдей қолданылады. Сіздің жеке шотыңыздағы айыппұл төлемдері заңды түрде салынған, себебі қызметтерді пайдаланғаныңыз үшін тиісті төлем уақытында жүргізілмеген. Түсіністікпен қарайды деп үміттенемін және айыппұл болмас үшін әр айдың 25 -не дейін төлем жасауды ұсынамын.
  • Ташимов Абай
    Менин акемнин каз телекомда 5 акциясы болган соны калай билсем болады
    Куанышбек Есекеев
    Акцияларға меншік құқығы туралы ақпарат алу үшін акционерлердің есебін жүргізетін уәкілетті органға - Орталық депозитарийге хабарласуыңыз қажет. http://www.kacd.kz/ru/contacts/

    "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" акционерлік қоғамы

    Байланыс

    Call-орталық: +7 (727) 355 47 61, +7 (777) 150 94 22 (тек WhatsApp)

    Шұғыл желі (қалалық және ұялы телефоннан қоңырау шалу Қазақстан Республикасы бойынша тегін): 8 800 080 86 68

    Орталық депозитарий офистерінің телефон нөмірлері:

    Алматы қ.: +7 (727) 262 08 46, 355 47 60

    Нұр-Сұлтан қ.: +7 (717) 697 040

    Электронды почта: ccmail@kacd.kz, csd@kacd.kz

    Бас офис:

    050051, Алматы қ., "Самал-1" ы/а, 28

    Қосымша офистер:

    050040, Алматы қ., Сәтбаев к-сі, 30/8 үй, "Тенгиз Тауэрс" ТК аумағында

    050004/A05H8M5, Алматы қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 65-үй, № 100 офис

    010000, Нұр-Сұлтан қ., "Алматы" ауданы, Амангелді Иманов к-сі, 13, "Нұр-Сәулет 2" БО, №101 офис
  • Бауыржан Сулейменов
    Бізде неге интернет коспайсыздар кашан косасыздар. Неге техникалық мүмкіндік жоқ қашан болады?
    Куанышбек Есекеев
    Қайырлы кеш, Бауыржан! Сіздің тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша, яғни Қарасай ауданы, Райымбек ауылына 2021 жылы телекоммуникация желілерінің құрылысы жоспарланбағанын хабарлаймын. Бұл ретте радиомост сымсыз технологиясын қолдана отырып, телекоммуникациялық қызметтерді ұсыну мүмкіндігі бар екенін еске саламыз. Тарифтік жоспарлар туралы толық ақпарат корпоративтік веб-сайтта жарияланған: https://telecom.kz/ru/common/star Қызметтерді қосуға өтінімді http://telecom.kz және 160 Call-орталығының жеке кабинеті арқылы немесе, 87080000160 нөмірі бойынша Компанияның WhatsApp және Telegram мессенджерлерін пайдаланып беруге болады.
  • Жумагулова Асия
    Ай сайынғы тарифым 5500 бірақ айына 6888 деп тұр үстіндегі қосылғанын алып тастаса
    Куанышбек Есекеев
    Қайырлы кеш Асия! Сіз хабарласқан мәселе бойынша, компания мамандары тиісті тексеру жүргізді. Анықталғандай сіз біздің компаниямен келісімшарттық қарым –қатынасқа тұрмағансыз, сіздің есеп-шотыңыз өзге тұлғаның атына тіркелген. Онлайн кинотеатр қызметі осы тіркелген абоненттің келісімімен қосылған. Бүгінгі күні сұрауыңыз бойынша бұл қызмет алынып тасталды.
  • Қайрат Ержанов
    Саламатсызба!Менің сұрағым біз Нұр-сұлтан қаласынан үй алдық.Сол пәтерде сіздердің қызметтеріңіз қосылып тұр екен нақтылы кабелдік арна.Біз 8ай бойы сол қызметке 1600теңгедей төлеп келіпсіз.Бірақ біз кабелдік арнаны қолданбалық.Сұрағым қолданылмаған үшін төленген ақшамды қайтарып алуға болама.Әуезова мекен жайындағы кеңеселеріңізге барғанда қайтарып алу мүмкін емес деді.
    Куанышбек Есекеев
    Қайырлы күн, Қайрат! Көпшілікке ашық келісім-шартқа сәйкес, абонент компания қызметінен бас тартқан жағдайда операторға жазбаша түрде хабарлауға міндетті. Сіз көрсеткен уақыт ішінде біздің тараптан теледидар қызметі толық көлемде ұсынылды, байланысқа қосылу нүктесінде техникалық деректер сақталды. Осыған байланысты ақшаны қайтару мүмкін емес. Қызмет ағымдағы жылдың тамызында тоқтатылған, сіздің жеке шотыңызда қарыз жоқ. Өтінішіңізге рахмет және болашақта біздің абоненттеріміздің қатарында өзіңізді көреміз деп үміттенеміз.
  • Нурхожаева Рыскуль
    Мен Нурхожаева Рыскуль Кызылорда каласы, сол жагалау 28 уй 57 кв тургынымын, былтыр онлайн оқу форматы болгандықтан интернет жургізу керек болды, сол уакытты Казактелеком кызметкерлері уйлерді аралар интернет топтамасымен таныстырды, ол жерде телевизор каналдары мен екі сим карта немесе 1 симкарта деген екі тарифпен таныстырды, баска тариф жок деп осы реклама жасады, ол уакытта интернетке мұқтаж болгандықтан амал жок қосылдым 8305 тг толеймін. Енді осы жылы көршілеріммен сойлесіп сурасам олар биыл арзан тарифтерге косылгандарын айтты 5600 где то, енді мен Казактелекомга барып мені ауыстырыңыз арзан тарифке десем олар сіз уш жылга договорга отыргансыз, егер ауысатын болсаңыз штраф толейсіз дейді, бөлім басшысына да кіріп өтініш айттым, мен жалгыз бамты анамын, екі балам бар, осы ториф қымбат боп тур, толей алмай журмін, айлык өте аз, осы қиын заманда көмек көрсетіңіз деп айттым, о баста интернет жургізгенде неге арзан тариф бар екенін айтпадыңыз дер Майра деген кісіге айтсам, сол уакытта сол жагалауга осы тарифты жургізу керек болды дейді, мен ешкандай штраф толеуге мумкундігім жок, акшам болса осы тарифті толеп отыра бермеймін ба, қиналып тургасын кеп турмын десем де ешкпндай выход жок, или штраф толеп ауысасыз немесе осы тарифпен толейсіз деп қайтарды. Өте адаигершілікке жатпайды бул істеріңіз, біз сиякты әлсіз топтпгы адамдарга көмек берсеңіз халықтың алғысын алсаңыз жаксы болар еді, енді сізден сурарым маган қол ұщын беріп көмектессеңіз жаксы болар еді
    Куанышбек Есекеев
    Құрметті, Рыскүл! Мәселеңізді жақсы түсініп отырмын, жанайқайыңызды да сезініп отырмын. Өкінішке орай, біз ережеге бағынуға тиіспіз. Егер Сіздің жағдайыңызға кіріп, ережені өзіміз бұзсақ, ертең тағы өзіңіз секілді адамдар келіп, дәл осылай ережеге көз жұмып қарауымызды талап етеді. Бұдан ешкімге де жақсы болмайды, қызметте нағыз хаос орын алады. Сол үшін компания мен абонент арасында жасалған келісім-шарт талабын ұстануға шақырамын. Қызметтер пакеті өзіңіздің өтінішіңіз бойынша қосылды. Сонымен қатар сіз үш жылдық тарифті таңдағандықтан, яғни компаниямен бірге осы уақыт ішінде бірге болатыныңызды осы шартпен растағандықтан, Сізге айтарлықтай жеңілдіктер жасалды. Келісім-шарт талабына сәйкес, егер сіз үш жылға толтырмай, одан ертерек қызметтен бас тартатын болсаңыз, осы күнге дейін жеңілдікпен қолданып келген қызметіңіз үшін, және оны тоқтатқаныңыз үшін айыппұл төлеуге міндеттелесіз. Бұл келісім-шартта көрсетілген.
  • ЕСПЕНБЕТОВ НУРМУХАМЕД НУРЖАНОВИЧ
    Интернет әлсіз. Қосылған күні жақсы еді.Қәзір нашар загрузка болып қала береді
    Куанышбек Есекеев
    Қайырлы күн Нұрмұхамед! Филиал қызметкерлері сіздің мекен -жайыңыз бойынша Интернетке қосылу қызметінің сапасын тексерді, қызметтердің жұмысында ақаулар табылмады. Сізге WiFi қосылымы бойынша кеңес берілді. Өтінішіңізге рахмет.
  • Русладин Құдайбергенов
    Бізде Интернет нашар жасайды арасында сөніп қалады, жұмысқа байланысты біз интернетпен көп жұмыс жасаймыз, мұғалім болғасын интернет керек, осы мәселені шешіп берсеңіз?
    Куанышбек Есекеев
    Сәлеметсізбе Русладин! Сіздің үйдің кіреберісінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты абоненттік желі ішінара зақымдалған. Қазіргі уақытта Батыс өңірлік телекоммуникация дирекциясының техникалық мамандары бүлінген жерді ауыстырып, қызметті қалпына келтірді. Интернетке кіру қызметін өлшеу және тестілеу бойынша жұмыс жүргізілді және интернет жылдамдығы тарифтік жоспарға сәйкес келетіні анықталды, ол туралы тиісті акт жасалды. Егер қызмет сапасы нашарласа, орталықтандырылған жөндеу бюросы 165 нөміріне хабарласыңыз.
  • Бердіқұлов Мақсат
    Ай сайын бізге неге осы түбіртек келмейді осы айда осындай ақша төлейсің деген
    Куанышбек Есекеев
    Қайырлы кеш, Мақсат! Біздің компания қызметкерлері өзіңізбен байланысып, мән-жәйді анықтау барысында сіздің «Қазақтелекоммен» келісімшартқа тұрмағаныңыз белгілі болды. Жұмыс ережесіне сәйкес, біз үшінші тұлғаларға төлемдер туралы ақпаратты жариялай алмаймыз. Бұл мәселе бойынша біздің компанияның абонентімен тікелей 160 телефоны бойынша немесе WhatsApp арнамызға +7 708 0000160 хабарласуды ұсынамын.
  • Talgatov Samat
    Мен Туркестан облысы Созак ауданы Таукент кентінде турамын. Таукент кентінде Казактелеком интернет байланысы бар. Бирак Казактелекомнын филиалынын жанындагы көшеде турсамда біздін көшеде интернет жок. Казір интернетсіз киын. Шешуге болама осыны?
    Куанышбек Есекеев
    Қайырлы күн, Самат! Өкінішке орай, сіз көрсеткен мекен -жай бойынша 2021 жылы телекоммуникация желілерінің құрылысы жоспарланбаған. Бұл ретте байланыс желісін тарту бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары техникалық шарттарды ала отырып, өтініш берушінің есебінен жүргізілуі мүмкін екенін хабарлаймыз. Сымды интернетке қосылудың заманауи баламасы ретінде 4G технологиясын қолдана отырып, жоғары жылдамдықты сымсыз интернет пакеттерін қосуды ұсынамыз. Қосылу үшін өтінімді http://telecom.kz веб-сайтындағы жеке кабинет арқылы, немесе 160 Call орталығы, 87080000160 телефоны бойынша WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы беруге болады.
© ТОО "Интернет портал Нур", 2009-2021
Все права защищены