интернет-конференция "Казахтелеком" НА NUR.KZ
ОТВЕТЫ
на вопросы, заданные на казахском языке 20, 21, 22 августа
  • Жандауова Гүлсара
    Сәлематсызба! Үй телефонымен,каб ТВ қолданбаймын , ажыратуға болмаса екен, тек интернетке төлеп, бәрі бір пакетте болғаны қиындау болып тұр ақысы.
    Куанышбек Есекеев
    Қайырлы күн, Гүлсара! Бізде пакеттерді пайдадануда қатып қалған талаптар жоқ. Сіз үй телефонынсыз өзіңізге қажетті қызметті жеке қостыруға құқығыңыз бар. Үнемдегісі келетін абоненттерге ыңғайлы болу үшін өткен жылдың аяғынан бастап біз интернет қызметтері бойынша келісімшарттық ұсыныстар жүйесін енгіздік. Келісім-шарттық жүйенің негізгі артықшылығы – келісім-шарт мерзімі неғұрлым көп болған сайын абоненттеріміз ай сайынғы төлемде соғұрлым жеңілдікке ие болады. Менің әріптестерім сізбен байланысып, абненттік төлемі 6099 теңге болатын Отбасылық КТВ архивтік тарифтік жоспары мен абоненттік төлемі 1006 теңге болатын телефонды пайдаланатыныңыз анықталды. Сізге ай сайынғы абоненттік төлемі 5999 теңге болатын Сильвер тарифтік жоспарының қызметтері ұсынылды. Сіздің тарапыңыздан оң шешім қабылданғаннан кейін өзіңізге ыңғайлы кез келген әдіспен ( колл-орталығының нөмірі 160, WhatsApp +7708 0000160 немесе offline) Атырау қаласындағы біздің Агенттікке хабарласуды ұсынамын
  • Айдос Райымбеков
    Саламатсыз ба! Біздің ауданға (Жаңақорған кенті) цифрлық заман келмеген сиқты. Интернет қондыруға наурыз айынан бері кезекте тұрмын. Кезекке тұру Кеңес одағы кезінде бар еді. Дым өзгеріс жоқ. Алдымызда оқу маусымы басталайын деп жатыр. Онлайн болатын болса не істейміз?
    Куанышбек Есекеев
    Сәлеметсіз бе, Айдос! Өкінішке орай, Сіз тұратын ауданда телекоммуникация желілерінің құрылысы ағымдағы жылға жоспарланбаған. Интернетке сым арқылы қосылудың заманауи баламасы ретінде, Сізге сымсыз интернетті 4G технологиясымен қосуды ұсынамын. Қызметке қосылу үшін өтінішті http://telecom.kz, сайтындағы жеке кабинет арқылы, сондай-ақ компанияның 8(708)0000160 нөмірі бойынша WhatsApp мессенджер арқылы бере аласыз.
  • Ерболат Шерубаев
    Ассалямуалейкум сізге қояйын деген сұрақ па өтініш десем де болады, біз Алматы обл. Сарқан қаласында тұрамыз, жаңадан салынған шағын аудан, сол шеткі 3 көшеге интернет желісін тартып беру мүмкіндігі бар ма екен?
    Куанышбек Есекеев
    Салеметсізбе Ерболат! Сарқан қаласы, новостройка (Аэродром) мекен-жайы бойынша 2021 жылы оптикалық байланыс желісінің құрылысы жоспарланбаған. Сондай-ақ, байланыс желісін салу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары техникалық шарттарды алу арқылы өтініш берушінің қаражаты есебінен жүргізілуі мүмкін екенін хабарлаймын. Бұл жағдайда "Қазақтелеком" АҚ телекоммуникация желілерін салуға арналған смета бойынша шығындарды есептеуге және қажетті жұмыстарды тікелей жүзеге асыру үшін мердігерлік ұйымды іздеуге жәрдемдесуге дайын.
  • Шарипканов Айдын Серикказинович
    Саламатсыз. Аягоз қаласының Т.Бигельдинов көшесінде жылда телефон интернет проводной қосуга тапсырыс берілген орнатыл май келеди. Жергликти Казтелеком тех оснащеность жок деген жауап берилди. Шеш ими болама сұраймыз
    Куанышбек Есекеев
    Сәлеметсізбе Айдын Серикказынович! Аягөз қаласы Т.Бигельдинов көшесі 14 үйге ADSL технологиясымен интернет орнатуға, өкінішке орай, техникалық мүмкіндіктің жоқтығын хабарлаймыз. 2023-2024 жылдары мультисервисті абоненттік жабдықтардың орнатылуы жоспарланған. Әзірше, сізге 4G/LTE технологиясы арқылы интернет қызметтерін пайдалануды ұсынамыз.
  • Бекзат Аманбек
    Ассалаумалейкум Қуаныш Мырза Сізге бір өтнішіміз Алматы қаласы Алатау ауданындағы Мкр Рахат елді мекенін халқының атынан өтніш аталған елді мекенге Интернет тартуға мүмкіншілік жасап берсенңіз Нұр үстіне нұр болар ед Қаншама адам Əлеуметтік желіге кіралмай киналып отырат Рахмет сол мəселенің шешілуіне септігінізді тигізуін сұраймыз
    Куанышбек Есекеев
    Құрметті Бекзат Аманбек, өтінішіңізді әріптестеріммен бірігіп, егжей-тегжейлі қарастырдық. Өкінішке орай, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Рахат-Мәдениет мекен-жайы бойынша телекоммуникация желілерінің құрылысы 2021 жылға жоспарланбаған. Бұл ретте байланыс желісін жүргізу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары өтініш берушінің қаражаты есебінен жүргізілуі мүмкін екенін хабарлаймыз. Интернет желісіне сымды қолжетімділіктің заманауи баламасы ретінде "Қазақтелеком" АҚ компаниясы 4G технологиясы бойынша немесе радиомост технологиясы бойынша жоғары жылдамдықты сымсыз интернеті бар қызметтер пакеттерін қосуды ұсынады. Тарифтік жоспарлар бойынша толық ақпарат корпоративтік сайтта жарияланған: https://telecom.kz/ru/common/start қызметтерді қосуға өтінімді сайттағы жеке кабинет арқылы http://telecom.kz, 160 нөмірі бойынша Call center, 87080000160 нөмірі бойынша компанияның WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы бере аласыз.
  • Амралинов Руслан
    Мен Алматы облысы Ескелді ауданы Бақтыбай ауылында турамын Талдықорған қаласына 10 шақырым жерде бізде уйде телефон бар бірақ интернет жоқ былтырдан бері айтып келеміз еш нәтиже жоқ айта айта жалықтық сылтаулары бітпейді ПОРТ жоқ дейді бізге интернет қосуларынызды сураймыз рахмет
    Куанышбек Есекеев
    Сәлеметсіз бе, Руслан! Сіздің мекен-жайыңызда интернетке қосылудың техникалық мүмкіндігі қарастырылған. Телефон арқылы сөйлесу барысында сізге компания мамандары тиісті ақпаратты бергенін айтты. Сізді өтінім беру үшін сату бөлімінде құжаттармен күтеміз. Сонымен қатар қызметтерді қосуға өтінімді сайттағы http://telecom.kz жеке кабинет арқылы бере аласыз, сондай-ақ WhatsApp мессенджері арқылы 8(708)0000160 нөмірі бойынша өтінім қалдыруға мүмкіндік жасалған.
  • Без имени
    Куанышбек Есекеев мырза сизден сурайтынымыз домашний телефон арқылы интернет косып беринизши
    Куанышбек Есекеев
    Сәлеметсіз бе! Сымды интернетті қосуға қатысты сіздің өтінішіңізді әріптестермен бірігіп талқыладық, өкінішке орай, әзірге сіздің мекенжайыңыз бойынша телекоммуникация желілерінің құрылысы 2021 жылға жоспарланбаған. Сондай-ақ, байланыс желісін салу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары техникалық шарттарды алу арқылы өтініш берушінің қаражаты есебінен жүргізілуі мүмкін екенін хабарлаймын. Бұл жағдайда "Қазақтелеком" АҚ телекоммуникация желілерін салуға арналған смета бойынша шығындарды есептеуге және қажетті жұмыстарды тікелей жүзеге асыру үшін мердігерлік ұйымды іздеуге жәрдемдесуге дайын.
  • Баймухамбетова К. М
    Сәлеметсиз бе, менің сұрағым мен телефонның ақшасын Каспий Голдпен төлеп жүруші едім енді төлей алмай отырмын. себебі, телеграфқа барып төлеу керекдеп естідім/ Здравствуйте, у меня вопрос я бы оплатил телефон Каспий Голд теперь не могу оплатить. потому что надо идти по телеграфу и платить
    Куанышбек Есекеев
    Қайырлы күн! Әріптестерім маған хабарлағандай, қызметтерді төлеу мәселесі бойынша Сізге телефон арқылы кеңес берілді, сондай-ақ қызметтерді қайта ресімдеу мәселесі бойынша біздің WhatsApp арнамызға жүгіну ұсынылды. Біздің қызметімізді пайдаланғаныңызға рахмет!
  • Оспанова Данара Жангазина
    ID тележүйе дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін не истеу керек,бизде көрсету нашар немесе мүлде көрсетпейді!осы саланы дұрыстау керек,ай сайынғы төленетін төлемдер төленеді,ал сапасы сәйкес емес,не үшін ақша төлеу керек сонда,осы сұрақты шешип берсеңіз екен!
    Куанышбек Есекеев
    Сәлем Данара! Менің тапсырмам бойынша сіздің өтінішіңіз бойынша мекен-жайыңызға филиалдың техникалық мамандары жіберілді. Терминалдық жабдықты сынау кезінде ID TV қызметі құрылғысы - Set Top Box приставкасында ақау анықталды. STB приставкасын ауыстырғаннан кейін қызмет толық жұмыс істейді. Бізге хабарласқаныңыз үшін және біздің компанияны таңдағаныңыз үшін рахмет!
  • Лаззат Сагдаева
    Саламатсызба Кумис алкам бар женилдик барма ?
    Куанышбек Есекеев
    Сәлем Ләззат! Заңды түрде біз пайдаланушылардың жекелеген санаттарына жеңілдік жасай алмаймыз, сондықтан бізде бөлек артықшылық санаттары жоқ. Бірақ біз барлық абоненттерімізге тиімді пакеттер ұсыну арқылы жеңілдіктер жасаймыз. Қызметтер пакетін пайдаланған кезде абонент кешендік қызметтерді пайдаланғаны үшін 40%-ға дейін жеңілдік алады. Ал қосымша үнемдегісі келетін абоненттер үшін біз келісім-шарттық ұсыныстар жүйесін енгіздік - ұзақ уақыт бойы «Қазақтелеком» АҚ пакеттерін пайдалануды жоспарлап отырған абоненттер шығындарды барынша үнемдейді. Сізге және сіздің отбасыңызға денсаулық тілейміз.
  • Гулбахар
    Уйге ваифаи орнатсам деп едим келип косып берема екен
    Куанышбек Есекеев
    Қайырлы кеш, Гүлбахар! Өкінішке орай, әріптестерім сіз көрсеткен байланыс телефонына хабарласқанымен сізден жауап болмады. Сондықтан қызметтерді қостыру мәселесі бойынша 160 байланыс орталығына, 87080000160 телефоны бойынша WhatsApp және Telegram мессенджерлеріне хабарласуыңызға болады. Сәттілік!
  • Ермек Хамидуллин
    БҚО. Сырым ауданы Қособа ауылына талшықты интернет мемлекеттік мекемелерге келіп тұр. Жеке секторға қашан келеді екен
    Куанышбек Есекеев
    Қайырлы күн, Ермек! 2020 жылы ауылдық елді мекендерге талшықты - оптикалық байланыс желілерін жеткізу бойынша екі жыл үздіксіз жүрген ауқымды жоба аяқталды. Бұл жобаның мақсаты ауылдық жердегі мемлекеттің мекемелер мен бюджеттік ұйымдарды жоғары жылдамдықты интернетке қосу. Жеке тұлғаларды оптикаға қосу жобада қаралмаған. Дегенмен, бір қуанарлығы сіздің ауылға сапалы байланыс инфрақұрылымы жетті. Осы инфрақұрылым негізінде түрлі технологиялар арқылы тұрғындарға интернет жеткізу мәселелері келешекте қаралатын болады. Бүгінгі таңда Сырым ауданы Қособа кентінің жеке секторында компанияның сымды желілері жоқ. Ағымдағы жылғы жобалармен жер үсті байланыс желілерін салу инвестиция тұрғысынан рентабельділіктің болмауына байланысты жоспарланбаған.
  • Шүлтіков Тұрсынбек
    Ассалаумағалейкүм Қайырлы күн мен Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құтикөл ауылының тұрғыны Шүлтіков Тұрсынбек Асылбекұлы

    Мен төмендегідей мәселе бойынша сұрағым бар өтініш десем де болады Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құтикөл ауылына талшықты оптикалық интернет желісін мекемелер ге жүргізіп кетті интернет жылдамдығы өте жоғары енді осы ауылымыз дың көшенің қақ ортасынан жүргізіліп жатқан интернетті неге ауыл ішілік ауыл тұрғындарына жеке үйлерге таратып қондырып бермеске келіп істеп тұрағн интернетті неге пайдалан басқа Елбасы жолдауында елді мекен дерді соның ішінде 100 % ауылдық жерді интернет желісімен қамтамасыз етілсін деген жоқпа ел президенті Тоқаевта барлық жер интернет желісін толық жүргізілсін деген еді осы орайда айтарым мына қазіргі індет ке байланысты кейбір онлайын сабақ басқада қажеттілікке өте қажет болып жатыр ауылдың болашағы бар аудан орталығының белді елді мекендерінің бірі қазіргі статусына қарасақ Құтикөл елді мекені трек ауылына жатады халық саны да 2000 нан асып кетті ауылда 200 жүз үй бар мекемеден бөлек ауыл тұрғындарының атынан жəне де ауыл жастары атынан сіздерден жəне де ""Қазақтелеком"" АҚ Басқарма Төрағасы Қуанышбек Есекеевке өтініш жоғары да көрсетілген ауылымызға интернет желісін үй үйге кіргіздіріп беруіңізді сұраймыз жəне де осы өтінішімізді жеке өзіңіздің бақылауыңызға алады деген сенімдеміз осы айтылған өтінішімізді қанағаттандырады деп сенім білдіреміз.

    ҚҰТИКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ ШҮЛТІКОВ ТҰРСЫНБЕК АСЫЛБЕКҰЛЫ
    Куанышбек Есекеев
    Қайырлы күн, Тұрсынбек! 2020 жылы ауылдық елді мекендерге талшықты - оптикалық байланыс желілерін жеткізу бойынша екі жыл үздіксіз жүрген ауқымды жоба аяқталды. Бұл жобаның мақсаты ауылдық жердегі мемлекеттің мекемелер мен бюджеттік ұйымдарды жоғары жылдамдықты интернетке қосу. Жеке тұлғаларды оптикаға қосу жобада қаралмаған. Дегенмен, бір қуанарлығы сіздің ауылға сапалы байланыс инфрақұрылымы жетті. Осы инфрақұрылым негізінде түрлі технологиялар арқылы тұрғындарға интернет жеткізу мәселелері келешекте қаралатын болады. Бүгінгі таңда Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құтикөл ауылының жеке секторында компанияның сымды желілері жоқ. Ағымдағы жылғы жобалармен жер үсті байланыс желілерін салу инвестициялар тұрғысынан рентабельділіктің болмауына байланысты жоспарланбаған.
  • Мектепова Зулфия
    Саламатсызба сизден отиниш биздер шымкент каласынын Самал базарынын жанвнда турамыз интернет жуйеси жок балалар телефонмен сабак окиды комектесинизши коп балалы жануямыз жауап кутесин Сау болыныз
    Куанышбек Есекеев
    Қайырлы күн Зульфия! Өкінішке орай, ағымдағы жылы сіздің аймақта телекоммуникация желілерін құру компания жоспарына енбеген. Бұл ретте тұрғындардың жеке қаражаты есебінен телефон орнату бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізуге болады. Әріптестерім өзіңізбен байланысып, осы мәселе бойынша кеңесін бергенін білемін. Егер сіз байланыс орнату туралы оң шешім қабылдасаңыз, техникалық сипаттамаларды алу үшін біздің филиалға хабарласа аласыз. Сымды интернетке қосылудың заманауи баламасы ретінде мен сізге 4G технологиясын қолдана отырып, сымсыз интернет байланысын қостыруды ұсынамын. Қызметтерге қосылу үшін http://telecom.kz веб -сайтындағы жеке кабинетіңіз арқылы, сондай -ақ 8 (708) 0000160 телефоны бойынша WhatsApp мессенджері арқылы өтініш бере аласыз.
  • Жұманов Сағит Мұратұлы
    Мен екі жыл болды, Талапкер ауылында интернет қостыра алмай отырмын. Тапсырыс берілді бірнеше рет. Үйдің қасында тұрған байланысты қосу, Сендер үшін үлкен бір проблема. Біресе кабель жоқ, біресе трактор, яғни Астана түбінде тұрып тиісті қызмет ала алмағаныма өкінемін
    Куанышбек Есекеев
    Қайырлы күн, Сағит Мұратұлы! Сіздің өтінішіңізді әріптестермен бірлесіп қарастырдық. Өкінішке орай, ағымдағы жылы сіздің аймағыңызда телекоммуникация желілерін тарту жоспарланбаған. Өйткені бүгінгі күні ауылдық жерлерде кең жолақты интернетке қосылуды дамыту тұжырымдамасы сымсыз желілер арқылы жүзеге асыру болып табылады.
  • Куздеубаева Перизат
    2020ж 21 шілдеде Тәуелсіздік 22 үйге қызылорда қаласы интернет орнатып беруге арыз қалдырдым. Маған әзір мүмкіндік жоқ, кейін хабарласамыз деген жауап келді. Бір жыл өтті . Қазіргі онлайн жағдайында өзім мұғалім әркімнің есігін қағып интернетпен сабақ өту үшін жүрген дайым бар. Интернет орнатуға көмек берсеңіз болар еді
    Куанышбек Есекеев
    Қайырлы күн, Перизат! Өкінішке орай, ағымдағы жылы сіздің аймақта телекоммуникация желілерін құру компания жоспарына енбеген. Бұл ретте тұрғындардың жеке қаражаты есебінен телефон орнату бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізуге болады. Әріптестерім өзіңізбен байланысып, осы мәселе бойынша кеңесін бергенін білемін. Егер сіз байланыс орнату туралы оң шешім қабылдасаңыз, техникалық сипаттамаларды алу үшін біздің филиалға хабарласа аласыз. Сымды интернетке қосылудың заманауи баламасы ретінде мен сізге 4G технологиясын қолдана отырып, сымсыз интернет байланысын қостыруды ұсынамын. Қызметтерге қосылу үшін http://telecom.kz веб -сайтындағы жеке кабинетіңіз арқылы, сондай -ақ 8 (708) 0000160 телефоны бойынша WhatsApp мессенджері арқылы өтініш бере аласыз.
  • Сабитұлы Нұрболат
    Созақ ауданында жақсы уайфай құрай алмаймыз таңдап беретін болған ба/В Сузакском районе не можем построить хороший уайфай
    Куанышбек Есекеев
    Сәлеметсіз бе, Нұрболат Сәбитұлы! Өкінішке орай, бүгінде сіздің мекен –жайыңыз бойынша интернетке сымды байланыс арқылы қосылудың техникалық мүмкіндігі қарастырылмаған. Сымсыз технология арқылы деректерді беру жылдамдығын арттыру үшін әріптестерім CDMA терминалын ауыстыруды ұсынды.
  • Мирахмат
    Қашан интернет жаксарады ауылдарда Сайрам ауданы Ақсуабад ауылы/Когда интернет жаксарады в селах Сайрамский район село Аксуабад
    Куанышбек Есекеев
    Сәлем Мирахмат! Бүгінгі таңда өзіңізге көрсетіліп жатқан қызметтің сапасын жақсарту мақсатында аймақтағы техникалық маман Сіздің мекен-жайда болды. Әріптестерімнің айтуы бойынша, жабдық жұмысын тексергенде айтарлықтай ақаулар анықталмаған, байланыс қызметы жұмыс істейді және тарифтік жоспарға сәйкес келеді.
  • Хапаров Өркен
    Атырау қаласы. Береке (Память ильича) ауылына интернет желісін жүргізуге көмектесуіңізді сураймын. Бір жылдан астам уақыт өтті халық болып арыз жазғанымызға. Атырау облыстық филиалы Астанаға сілтейді, қаржы бөлмей жатыр деп. Осы мәселені қолға алып көмектесуіңізді сураймын. Рахмет
    Куанышбек Есекеев
    Құрметті Өркен, өтінішіңізді әріптестеріммен бірігіп, егжей-тегжейлі қарастырдық. Өкінішке орай, Сіздің мекен-жайыңыз бойынша телекоммуникация желілерінің құрылысы 2021 жылы жоспарланбаған. Бұл ретте байланыс желісін жүргізу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары өтініш берушінің қаражаты есебінен жүргізілуі мүмкін екенін хабарлаймыз. Интернет желісіне сымды қолжетімділіктің заманауи баламасы ретінде "Қазақтелеком" АҚ компаниясы 4G технологиясы бойынша немесе радиомост технологиясы бойынша жоғары жылдамдықты сымсыз интернеті бар қызметтер пакеттерін қосуды ұсынады. Тарифтік жоспарлар бойынша толық ақпарат корпоративтік сайтта жарияланған: https://telecom.kz/ru/common/start қызметтерді қосуға өтінімді сайттағы жеке кабинет арқылы http://telecom.kz, 160 нөмірі бойынша Call center, 87080000160 нөмірі бойынша компанияның WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы бере аласыз.
  • Оразхан Жаңыл
    Биз Алатау ауданында ыз.кошемзде интернет желісі тартылмаган.каншама арыз жаздым,ешбир жауап жок.бул енді сумдык. Үлкен мега полисте каншама жер оркениеттен дурдай отырмыз
    Куанышбек Есекеев
    Қайырлы күн, Жаңыл! Өкінішке орай, Сіздің мекен-жайыңыз бойынша телекоммуникация желілерінің құрылысы 2021 жылы жоспарланбаған. Бұл ретте байланыс желісін жүргізу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары өтініш берушінің қаражаты есебінен жүргізілуі мүмкін екенін хабарлаймыз. Интернет желісіне сымды қолжетімділіктің заманауи баламасы ретінде "Қазақтелеком" АҚ компаниясы 4G технологиясы бойынша немесе радиомост технологиясы бойынша жоғары жылдамдықты сымсыз интернеті бар қызметтер пакеттерін қосуды ұсынады. Тарифтік жоспарлар бойынша толық ақпарат корпоративтік сайтта жарияланған: https://telecom.kz/ru/common/start қызметтерді қосуға өтінімді сайттағы жеке кабинет арқылы http://telecom.kz, 160 нөмірі бойынша Call center, 87080000160 нөмірі бойынша компанияның WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы бере аласыз.
  • Насипкали Айтжанов
    Кызымет корсету сапасы 0- деп багалаймын ойткени бир жылдан асты жумыс жасмагандарына. Бир номерди али коса алмай журсиздер.
    Куанышбек Есекеев
    Қайырлы күн, Нәсіпқали! Мұндай жағымсыз пікір қалдырғаны үшін өзіңізден кешірім сұраймын. Әріптестерім Сіздің өтінішіңіз бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сіз көрсеткен мекенжайда қызметтер басқа пәтер иесіне, яғни Нұрғалиева Баян Жұбанқызының атына тіркелген екен, сіздің сұрағыңызды әрі қарай шешу үшін мәселенің мән-жайын талқылауға, Абай көшесі, 6 мекен-жайындағы қызмет көрсету бюросында біздің мамандар сізді күтеді.
  • Пірмат Ләйла
    Саламатсыз ба! Қызылорда қаласының тұрғынымын. 1.5 жылдан бері үйіме интернет орната алмай отырмын. 1 апта ішінде хабарласамыз деп барған сайын шығарып салады. Осы мәселені шешуіңізді сұраймын!
    Куанышбек Есекеев
    Қайырлы күн Лейла. Өкінішке орай, сіздің мекен -жайыңыз бойынша ADSL технологиясын қолданып интернет тартуға техникалық мүмкіндік жоқ. Сымды интернетке қосылудың заманауи баламасы ретінде мен сізге 4G сымсыз интернет байланысын ұсынамын. Қызметтерге қосылуға http://telecom.kz веб -сайтындағы жеке кабинетіңіз арқылы, сондай -ақ 8 (708) 0000160 телефоны бойынша WhatsApp мессенджері арқылы өтініш бере аласыз.
  • Умирбек
    Шағын ауылдарға арнайы қызмет көрсететін монтёрлар керек.Егер телефон немесе интернет жұмыс істемесе, аудан орталығынан келетін мамандарды ұзақ күтіп қаламыз. Мысалы 2-3 күн күтеміз. Хабар берілген күннен бастап , жұмыс істемеген телефон не интернет желісі үшін төленетін ақыны шегеру қажет. Айлық абонент құнынан шегеру. Кейде апталап күтетін кездер болады
    Куанышбек Есекеев
    Құрметті Өмірбек! Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Таң ауылында абоненттердің аздығына байланысты АТС қызмет көрсетуін және желідегі ақауларды жоюды Жалағаш аудан орталығының мамандары жүзеге асырады. Сіздің ауыл облыс орталығы Жалағаштан 38 шақырым жерде орналасқан. Желінің зақымдануы туралы өтініш түскен кезде аудан орталығынан мамандар екі жұмыс күні ішінде жетеді. Байланыс қызметі істен шыққан сәттен бастап барлық қажетті қайта есептеулер жүргізіледі.
  • Жасулан
    Кайырлы кун! Неге пик уакыттарында WIFI аркылы интернет жылдамдыгы оте томен (роутордын тура жанында)? Сиздердин мамандарыныз WIFI жылдамдыгына кепилдик бермеймиз дейди. Маселени шешип беруди сураймын.
    Куанышбек Есекеев
    Құрметті Жасұлан! Менің тапсырмам бойынша Сізбен филиалдың техникалық мамандары байланысқа шықты. Телефон арқылы сөйлесу барысында желілік кабель (LAN) арқылы қызмет тұрақты жұмыс істейтіні белгілі болды, құрылғылар Wi-Fi сымсыз желілері арқылы қосылған кезде жылдамдықта ақаулар туындайды, олар үшін Компания жауап бермейді. Сізге Wi-Fi сигналын күшейту үшін қосымша маршрутизаторды сатып алу ұсынылды. Клиенттік жабдық бойынша барлық қажетті ақпаратпен Сіз "Қазақтелеком" АҚ сайтында және "Chocomart" интернет-дүкенінде қосымша таныса аласыз.
  • Ербол Кожабаев
    Ассалаумагалейкум мен уже 3 рет жазып отырмын менин сурагым жауапсыз калды ягни шешилмеди Актобе каласы Жанаконыс Ынтымак 111 проводной интернет орнату али кунге дейн шешилмей отыр
    Куанышбек Есекеев
    Қайырлы күн, Ербол! Сіздің өтінішіңіз бойынша техникалық мүкіндікке қосымша тексеру жүргізілді. Сіз тұрған ауданда қызмет көрсету үшін 2021 жылдың қыркүйек айында тарату желісінің дамытуы жүргізіледі. Жұмыс аяқталғаннан кейін тарифтік жоспарды нақтылау үшін біздің операторлар сізбен хабарласады.
© ТОО "Интернет портал Нур", 2009-2021
Все права защищены