«Бір сиырдан бастадым. Қазір балабақшаны сүтпен қамтамасыз етіп отырмын»
KMF ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлерге қандай көмек көрсетіп жатыр
Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласы үлкен әлеуетке ие болғанымен, сала төңірегіндегі түйткілдер аз емес. Су тапшылығы, техникалық мүмкіндіктердің аздығы, қаржының жетіспеуі сынды мәселелер салдарынан көптеген фермер тығырыққа тірелетіні де жасырын емес. Бұл ретте саладағы кәсіпкерлерге KMF компаниясы және KMF Демеу қоры үлкен көмек көрсетіп келеді. Ұйым ұсынатын қаржы мүмкіндіктері мен несиелер ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлердің дамуына жол ашып, табысқа жетуіне септігін тигізіп жатыр.

Оған Отырар ауданы Шәуілдір ауылындағы кәсіпкерлер айқын дәләл. 16 тамызда KMF компаниясы және KMF Демеу қоры аталған аудан аграрийлеріне “Ауыл шаруашылық дақылдарын өсірудің тиімді жолдары” деп аталатын ауқымды агрофорум өткізді. Мұнда Қазақстанның білікті агроном ғалымдары саладағы өзекті мәселелерді талқылау үшін жиналып, кәсіпкерлерге құнды кеңесін айтты.
Отырар ауданы Шәуілдір ауылының фермері Сәкен Абраимовтың кәсіп бастауына KMF компаниясы және KMF Демеу қоры көп мүмкіндік берген. Ол өз ісін небәрі бір сиырмен бастаған. Қазір мал санын 15 бас ірі қараға дейін арттырған. Кәсібінің арқасында ол ауылдағы балабақшаны сүт және ет өнімдерімен қамтамасыз ететін тендер жеңіп алды. Осылайша оның шағын ғана шаруашылығы табысты бизнеске айналған.
KMF компаниясына 2008 жылы жүгініп, содан бері ұйыммен жұмыс істеп келемін. KMF-тен ақша алып, оны кәсіпке құю арқылы дамып отырғанымызға 15 жыл болыпты. Бастапқыда несие алып, бір сиыр алғам, сол сиырым қазір он бес бас малға болды. Сүт, ет өнімдерін, мал басын сату арқылы кәсіпті дөңгелетіп отырмын. Ауылдағы балабақшаны сүтпен, етпен қамтамасыз ету бойынша тендер ұтып алдым. Алдағы уақытта сиыр басын көбейтіп, кәсібімді ұлғайтсам деген жоспарым бар. Қазір қарамағымда екі жұмысшы бар. Оларға айлығын төлеп отырмыз.
— Сәкен Абраимов
Сәкен Абраимовтың KMF компаниясы және KMF Демеу қорымен серіктестігі оның тек қаржылай тұрақтылығын арттырып қана қойған жоқ, сонымен қатар кәсіби дамуына да жол ашты. Мәселен ауылда өткен агрофорум ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкер ретінде біліктілігін арттыруға септігін тигізді. Шараға қатысқан халықаралық деңгейде тәжірибесі бар агроном ғалымдардың тәжірибесі мен бөліскен ақпараты өте құнды, дейді ауыл кәсіпкері. Ғалымдар мен мамандар аграрийлер жиі тап болатын мәселелерді кеңінен талқылап, шешімін ұсынды.
Форумға арнайы шақыртылған маманның бірі – Нариман Масалиев. Аграрлық ғылым саласында 14 жылдан бері тер төгіп жүрген ғалым өнімділікті арттыру үшін өсімдіктерді қорғаудың тиімді тәсілдерін бөлісті.
Оның айтуынша, арам шөптермен күресудің тиімді жолы – арнайы дәрілерді пайдалану. Бұдан бөлек өсімдік ауруларының негізгі симптомдарына тоқталып, тыңайтқыштардың жетіспеуі кезінде қандай белгілер пайда болатынын айтты. Мысалы азот, фосфор, калий секілді элементтер жетіспеген жағдайда өсімдіктердің өсуі тежеледі және мұндай белгілерді ерте анықтау үлкен шығынның алдын алуға көмектеседі, дейді ғалым. Маманның айтуынша, аграрлық салада жаңа технологияларды пайдалану арқылы шағын және орта кәсіпкерлер үлкен жетістіктерге жетпек.
Заманауи технологиялар – өте тиімді. Шағын және орта кәсіпкерлерге олар көбіне қолжетімді болады. Тіпті үлкен аумақты қамтитын жер иелеріне қарағанда тиімдірек. Сондықтан шағын кезінен сол технологияларды пайдалану керек. Бизнес ұлғайған сайын мұндай технологияларды игеру арқылы, тәжірибеден өткізіп, есептеу арқылы керемет жетістікке жететін боласыз. Әрине, кез келген істі бастауда қаржының болуы өте маңызды. Қазір шағын кәсіпкерлерді қолдаумен айналысатын KMF сияқты ұйымдар бар. Соларға жүгінсе болады. Өйткені олардың негізгі бағыты да шағын бизнесті қолдау, қаржыландыру. Сондықтан микроқаржыланжыруды тиімді деп ойлаймын.
— Сәкен Абраимов
Агрофорумға қатысқан кәсіпкерлердің бірі – Назгүл Асханқызы. Шәуілдір ауылында 30 жылдан астам уақыт бойы өмір сүріп жатқан ол бүгінде егін және мал шаруашылығымен айналысады. Ал ауыл шаруашылығы саласында бизнес бастауына KMF-тің тікелей қатысы бар. Назгүлдің айтуынша, KMF-пен серіктестігі сонау 2005 жылдан басталған. Содан бері алған несиелердің арқасында үйін жөндеп, шаруасын дөңгелетіпті. Назгүл мен оның отбасы KMF ұсынған қолдау арқылы 2019-2022 жылдары шағын несиелер алып, оны кәсібін өркендетуге және студент балаларына ноутбук және телефон секілді қажетті техника алуға жұмсапты. Оның сөзінше, пайыздық мөлшерлеменің төмендігі – қаржы ұйымының басты артықшылығы.
Біз KMF-тен алған ең алғашқы несиемізді үй салуға жұмсадық. Үш бөлмемізді аяқтап, соны кепілге қою арқылы несие алдық. Сөйтіп үй алып алдық. Ауыл шаруашылығымен айналысу үшін 2019-2022 жылдары тағы несие алып көрдік. Сол ақшаға бір жылқы байлап, етін жіліктеп сатуды бастадық. Бір алған несиеміздің арқасында ісімізді дөңгелетіп те алдық. KMF-тің қолдауы көңілімнен шығады. Себебі қазір ешкімнен бір тиын сұрап ала алмайсың. Ал басқа банктердің пайызы өте жоғары. Сол тұрғыда KMF бізге өте тиімді жағдай жасады. Себебі несие мерзімі аз болған сайын пайызы да төмендеу несие ұсынады. Біздің ауылда жұмыс жоқ, жұрт малмен, егін егумен айналысып күн көреді. Соның арқасында бала-шағасын өсіріп, оқытып отыр. Енді осындай шаралар туралы көбірек айтылса, халыққа да пайдалы болар еді.
— Назгүл Асханқызы
Форум барысында Назгүл сынды шағын кәсіп иелері спикерлерге көкейінде жүрген сауалдарын қойып, кеңесін тыңдады. KMF компаниясының өңірдегі директоры Мейіржан Мамахановтың сөзінше, агрофорумның негізгі мақсаты – фермерлер өнімін арттырып, табысын көбейту. Осы орайда, агрофорумда ғылыми жобалар көрсетіліп,түрлі тәжірибе талқыға салынды. Агрофорумның дәл осы өңірде ұйымдастырылуы да бекер емес. KMF-тан ауылшаруашылығымен айналысу үшін несие алған тұтынушылардың 70 пайызы Отырар ауданында тұрады.
Бүгінгі агрофорум мал шаруашылығымен, егін шаруашылығымен айналысатын клиенттерімізге өте пайдалы, аса маңызды. Себебі осы саладағы мамандарды білгенін, тәжірибесін бөлісуі үшін арнайы шақырып отырмыз. Кейінгі екі жылдың көлемінде KMF компаниясымен және KMF Демеу қорының қолдауымен бірнеше агрофорум ұйымдастырылды. Солардың нәтижесі мен тиімділігін сараптай отырып, осы агрофорумды Шәуілдірде өткізу туралы шешім қабылдадық. Қазір агрономия саласында түрлі қиындық, толық өнім алмау сияқты кедергілер көп. Мысалы құрғақшылық, түрлі өсімдік ауруы сияқты мәселелердің алдын алу үшін мамандардың ғылыми жобаларын көрсетіп жатырмыз. Бұларды ауылдағы кәсіпті дамыту үшін ұйымдастырып отырмыз. Бүгінгі агрофорумның басты мақсаты – тұтынушылар тәжірибесі мен компания тәжірибесін ұштастыра отырып, клиенттердің табысын арттыруға көмектесу.
— KMF өкілі
Өңір кәсіпкерлерінің тағы бірі – Марат Жүнісбеков. Ол өзінің азық-түлік дүкені арқылы жергілікті халықты өніммен қамтамасыз етіп отыр. Бірнеше жыл бұрын KMF компаниясына және KMF Демеу қорына жүгінген Марат алған несиелердің арқасында кәсібін кеңейтіп, екінші дүкен ашқан. Кәсіпкер ұйымның қызметін жоғары бағалайтынын, әсіресе қажет кезде тез арада қаржы алу мүмкіндігі өте тиімді екенін ерекше атап өтті. Марат дүкендерден бөлек ауыл шаруашылығымен де айналысады. Кәсіпкер жүгері, қауын, жоңышқа егеді. Агрофорумда ол өз кәсібіне қатысты маңызды ақпараттар алды.
KMF-пен бірге жұмыс істеп келе жатқанымызға 5-6 жылдай уақыт болды. Осы ұйымнан несие алып, дүкенімізге жаратып, көркейтіп жатырмыз. Ақшаға тауарлар алып, соны халыққа сату арқылы табысты көбейтіп отырмын. Бастапқыда бір ғана дүкенім болған. KMF-тің арқасында екінші дүкен алдық. Ұйымнан несие алып, қызымызды ұзаттық. Банк бізге өте ыңғайлы. Зәру болған кезде барамыз да, қажет қаражатты 2-3 сағат ішінде ала аламыз. Басқа банктер сияқты қалаға сандалтпаймыз. Төлейтін жеріміз де, алатын жеріміз де осында. Кәсіпкерліктен бөлек егіншілікпен де айналысамын. 10 гектардай жерім бар. KMF көмегін осы шаруашылығыма да қолданамын. Жүгері дақылы, түрлі техника үшін де несие аламыз.
— Марат Жүнісбеков
Микроқаржыландыру ұйымы ауыл шаруашылығын заманауи сипатта дамыту үшін мобильді қолданбасын да шығарған. Платформа арқылы үй жануарлары ауырған кезде шұғыл да тиімді көмек алуға болады. Ұйым менеджері Аяулым Аралбаеваның айтуынша, бұл қолданба фермерлердің уақытын үнемдеуге көмектеседі және жануарлардың денсаулығын күтуге мүмкіндік береді. Бүкіл Қазақстанды қамтитын инновациялық жоба 2 ай бұрын жасап шығарылған. Аз уақыттың ішінде платформаның тұрғындарға тигізген көмегі де аз болмаған.
KMF компаниясы ауылшаруашылығын қолдау мақсатында Jailay Online платформасын әзірледі. Инновациялық онлайн қолданба арқылы мал дәрігерлерінен кеңес алуға болады. Бағдарламада ветеринардың екі түрі қарастырылған. Біріншісі – кезекші ветеринар, екіншісі – бейінді ветеринар. Кезекші мал дәрігерін таңдасаңыз, ол сізге 20-30 минут ішінде хабарласады. Бейінді дәрігерге өзіңізге ыңғайлы уақытта жазылып, WhatsApp, Telegram сынды мессенджерлер арқылы керек кеңес ала аласыз. Көмек алу үшін қосымшаға кіріп, ыңғайлы ветеринарды таңдап, сауалнаманы толтыру қажет.
— Ұйым менеджері Аяулым Аралбаева
Форумға қатысушы тағы бір кәсіпкер Айжамал Бақдәулетова KMF компаниясына алғаш рет 2014 жылы жүгінген. Ол – тәтті пісірумен айналысатын кондитер. Бизнесвумен жыл сайын өз бизнесін ұлғайтып, жуырда KMF-тен ірі көлемде несие алған.
“Әртүрлі торт, тәтті кондитерлік өнім пісіреміз. Осындай бағытта KMF-пен тұрақты серіктес болып келе жатқанымызға 10 жылдан асты. Алғашында 300 мың теңге алып, кәсіп бастадық. Ол кезде тәтті сататын орынды жалға алатынбыз, қазір өз ғимаратымыз да бар. Жылдан жылға дамып, үлкейіп жатырмыз. Мен былтыр KMF-тен ірі көлемде несие алып, ғимаратты үлкейту жұмыстарын жүргіздік. Ұйым арқасында жақсы жетістіктерге жетіп жатырмыз”, - дейді Айжамал.
— Ұйым менеджері Аяулым Аралбаева
Кәсібін өрге дөңгелеткен жандардың басын қосқан шара KMF компаниясы және KMF Демеу қорының ұйымдастыруымен өтті. Ұйым нарықта 1997 жылдан бері қарқынды жұмыс істеп келеді. Ауыл шаруашылығын дамытуға ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқан ұйым агрофорумға келгендерге арнайы сыйлық таратты. Ал шара аясында ұйымдастырылған көрме арқылы кәсіпкерлер агроөнеркәсіптік компаниялармен жақынырақ таныса алды. Форумнан алған білімін пысықтау мақсатында қонақтар арасында ұтыс ойыны ойнатылды. Бір қуантарлығы, KMF компаниясы алдағы уақытта да ауыл шаруашылығын қолдауды жалғастыра бермек.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін ҚНРДА-ның 26.02.2021 жылғы №02.21.0003.M лицензиясы
Текст: Ислам Аманқос
Фото: Владимир Третьяков
Верстка: Назгуль Адамалиева
© «Internet Portal Nur», ЖШС 2009-2024
Барлық құқық қорғалған