Ауыл тұрғындары мен әйелдерді қолдау
KMF банкке айналса, не өзгереді
Қазақстан нарығындағы тұрақты әрі аграрлық секторды қаржыландыруға басымдық беретін микроқаржы ұйымы ретінде өлшеусіз үлес қосып келе жатқан 27 жылдық тарихы бар «KMF» микроқаржы ұйымы алдына үлкен мақсат қойды – екінші деңгейлі банкке айналу. Микроқаржы ұйымы бұл маңызды шешімді жүзеге асыру жолында бүгінде елеулі трансформацияны бастан кешіріп жатыр. Трансформация қалай өтіп жатыр, KMF банкке айналса, не өзгереді және өзіне сенім білдірген тұрақты клиенттеріне қандай қызметтер ұсынады? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын мақаламыздан таба аласыз.

2022 жылғы шілдеде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын, бағалы қағаздар нарығын және банк ісін реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған болатын. Бұл жаңашылдық микроқаржы ұйымдарының қызметіне де әсер етті. Осылайша микроқаржы ұйымдары конверсиялық механизм арқылы екінші деңгейлі банктерге айналу мүмкіндігіне ие болды. Қазақстанның микрокредит беру нарығында ұзақ жылдар бойы көшбасшы компания ретінде тұрақтаған KMF үшін де бұл жаңа мүмкіндіктерге ашылған жол еді. KMF-тің банкке айналу процесі осылай басталды.
Күрделі, бірақ айқын жол – тұрақты даму
1997 жылы құрылып, кіші, шағын және орта бизнесті, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, агроөнеркәсіп секторын дамытуды көздеген KMF ширек ғасыр бойы өз стратегиясына адал. Негізі қаланғаннан бері ұйым осы мақсатта 3,4 млн-нан астам қарыз бере отырып, Қазақстан экономикасына 1,8 трлн теңгеден астам инвестиция салды. Бұл көрсеткіштер микроқаржы ұйымының тұрақты әрі сенімді екенін айқындайды. Микроқаржы ұйымы компанияны одан әрі дамыту мақсатында қабылданған маңызды шешім – банкке айналу үшін 2023 жылы ақпан айында ұйымдық-құқықтық нысанын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен акционерлік қоғамға қайта құрды. Содан бері ұйым қызметінде күрделі трансформация процесі жүріп жатыр.
Банк лицензиясын алу үшін KMF банк қызметіне қойылатын Қазақстан заңнамасының және қаржылық реттеушінің талаптарына сай болуы керек. «KMF (ҚМФ)» Микроқаржылық ұйымы» АҚ басқарма төрағасы Шалқар Жүсіповтің айтуынша, банк лицензиясын алу талаптары қатаң әрі бірнеше кезеңнен тұрады. Оның ішіне ғимараттарды дайындау, арнайы жабдықтарды сатып алу, банк процесстерін автоматтандыру үшін бағдарламалық қамсыздандыруды енгізу кіреді.

Ұйымның ішкі құрылымдарында да елеулі өзгерістер болған. Банк өнімдерін жасаумен, тәуекелдерді басқарумен және комплаенспен айналысатын командалар жұмысы күшейтілді. Одан бөлек бизнес-процесстердің жұмысы ойдағыдай өтуі үшін жаңа ақпараттық жүйелер енгізіліп, банктерге қойылатын стандарттарға сай болуы үшін шешімдер қабылдау жүйесі де өзгертілген. Нарықта банк ретінде жұмысы табысты болуы үшін KMF басшылығы клиенттер санын көбейтіп, қаржылық инклюзия, активтер (ROA) мен меншікті капитал рентабельділігін (ROE) арттыруды, CIR (Cost-to-Income Ratio) коэффициенті арқылы бағаланатын операциялық шығындарды тиімді етуді көздейді. Қазіргі күннің өзінде ұйым бұл көрсеткіштерді еңсеруге сақадай сай тұр. Өңірлердегі қаржылық инклюзияны ілгерілету жолында тек қана агро секторында компаниядан 111 мың клиент несие алған. Бұл жалпы клиенттер санының 41 пайызын құрайды. KMF ұсынған соңғы деректерге сай (2024 жылғы 30 қараша) ұйымның жалпы несие портфелі 273 млрд теңгені құрап отыр.
Миссия өзгеріссіз қалады
KMF банкке айналса, ұйымның мақсатты аудиторияға ұсынатын өнімдер желісі кеңейіп, клиенттерге көрсететін қызметтер саны да арта түспек. Басқарма басшысының сөзінше, транформация клиенттер үшін айтарлықтай жағымсыз өзгерістер болады деген сөз емес.
Шалқар Жүсіпов
KMF басқарма төрағасы
Біздің миссия өзгеріссіз қалады – клиенттерді қолдау, дамыту, қажеттіліктерін өтеу үшін оңтайлы қаржы шешімдерін ұсыну. Бұрынғысынша елдің дамуына және шалғай ауылдық жерлерде тұратын әрі қаржы қызметтеріне қол жеткізуде қиындықтарға тап болған тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға мән бермекпіз. Өзгерістер клиенттер үшін тиімді болатынына сенімдіміз. Тек шағын кәсіпкерлер үшін ғана емес, басқа да санаттағы клиенттерге көбірек қызмет ұсынуды жоспарлап отырмыз.
Шалқар Жүсіпов
KMF басқарма төрағасы
Біздің миссия өзгеріссіз қалады – клиенттерді қолдау, дамыту, қажеттіліктерін өтеу үшін оңтайлы қаржы шешімдерін ұсыну. Бұрынғысынша елдің дамуына және шалғай ауылдық жерлерде тұратын әрі қаржы қызметтеріне қол жеткізуде қиындықтарға тап болған тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға мән бермекпіз. Өзгерістер клиенттер үшін тиімді болатынына сенімдіміз. Тек шағын кәсіпкерлер үшін ғана емес, басқа да санаттағы клиенттерге көбірек қызмет ұсынуды жоспарлап отырмыз.
Осы тұста KMF нарықта өзіндік орны бар, тұрақты клиенттер базасы бар басқа банктермен бәсекелесе ала ма деген заңды сұрақ туындайды. Бірақ бәсеке бар жерде өсу де болады деген ұстанымды алға қойған ұйым 27 жыл бойы қызметін тұрақты тұтынып келе жатқан тұрғындарды жақсы өзгерістермен қуантпақ. Олардың базалық қажеттіліктерін өтеу үшін ыңғайлы әрі қолжетімді банк өнімдерін ұсынып, цифрлық каналдарды дамытуға баса назар аударылады. Нарықтағы өзгерістерге жылдам бейімделу үшін тәуекелдерді басқару бағытын дамыту, бизнесті тиімді ету үшін процесстерді автоматтандыру және қызмет көрсету деңгейін арттырып, инновациялар енгізу үшін қызметкерлерді оқытуға инвестиция жасалып жатыр. Тұрақты даму қағидаттары мен ұжымдық әлеуметтік жауапкершілікті ұстану да жалғасын таппақ.

Бұған дейін миллионнан астам клиентпен жұмыс істеген қаржы ұйымы кез келген ауыл тұрғыны өзіне қажеттіні таба алатын бірегей экожүйе құруға ұмтылып отыр.

Қазірдің өзінде қаржы ұйымының еліміздің түкпір-түкпірінде 120 сату орны және 17 филиалы бар екенін, одан бөлек 4 000 ауылды қаржылық қызметпен қамтып отырғанын ескерсек, компанияның бәсекелестер ортасынан ойып тұрып орын алу мүмкіндігі жоғары.
Цифрлық технологиялар – жаңа белес
Қазіргі таңда қаржы ұйымы клиенттерге ыңғайлы болу үшін цифрлық технологияларды енгізуге көп көңіл бөліп отыр. Оның ішінде цифрлық қызметтер мен мобильді қолданбаларды дамытуға, инновациялық төлем шешімдерін енгізуге назар аударылуда. Осы бағытқа ден қоюдың арқасында компания жұмысына жасанды интеллект пен машиналық оқыту технологияларын енгізіп жатыр. Бұл клиенттер қажеттілігін жақсырақ ұғыну үшін және оларға жеке ұсыныстар жасау үшін қажет.

Цифрлық каналдар арқылы қолжетімді болатын несие өнімдері де KMF ұсынатын жаңа өнімдерінің бірі болмақ. Одан бөлек клиенттердің кей бөлігінде интернет қолжетімді болмауы мүмкін екені ескеріліп, фиджитал форматтағы – яғни цифрлық және дәстүрлі сервистерді үйлестіре отырып жасалған қызмет ұсынылмақ. Жуырда Алматыда өткен Қазақстан қаржыгерлерінің XII Конгресінде басқарма басшысы Шалқар Жүсіпов компания қолданбасында телемедицина сервистері мен ветеринарларға арналған онлайн-кеңес беру қызметі іске қосылғанын мәлім еткен. Бұл жаңашылдық денсаулық сақтау саласы мен шалғай өңірлердегі мал шаруашылығындағы маңызды түйткілдерді шешуге септігін тигізбек. Осы тұрғыда KMF клиенттерге бір жерде барынша көп қызмет ұсынуға ұмтылып отыр.

Айта кетерлігі, KMF әйелдер кәсіпкерлігі мен жастардың білім алуына да ерекше көңіл бөліп отыр. Гендерлік саясат бағытында қаржы ұйымы басқа қаржы ұйымдарынан бір қадам озық тұр. Компания дерегінше, бүгінде несие портфелінің елеулі үлесі (55,7%) әйелдер кәсіпкерлігіне тиесілі. Ал негізгі клиенттерінің 65%-нан астамы ауыл тұрғындарын құрайды.
  • 55,7%
    әйелдер кәсіпкерлі
  • 65%
    ауыл тұрғындары
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін ҚНРДА-ның 26.02.2021 жылғы №02.21.0003.M лицензиясы
© «Internet Portal Nur», ЖШС 2009-2024
Барлық құқық қорғалған