Өткен демалыс күндері еліміздің түкпір-түкпірінде көптеген қазақстандық кәсіпкерлер, сатушылар, курьерлер, менеджерлер және басқа да сауда қызметкерлері демалыссыз, күшейтілген режимде жұмыс істеді. Өйткені 21, 22 және 23 маусым күндері Қазақстанда тағы да бүкілхалықтық тиімді зат сатып алу мерекесі – Kaspi Жұма өтті.