Kaspi Жұма: тиімді сатып алу мен ірі сауда мерекесі
Қазақстанда оныншы Kaspi Жұма бүкілхалықтық тиімді сатып алу мерекесі өтті
Небәрі бірнеше жыл ішінде Қазақстанда сауда айтарлықтай өзгеріске түсті. Көлеңкелі айналым орнына – ашық сауда. Базар мен жаппай сатылымдардың орнына – онлайн сатып алу мен тегін жеткізіп беру.
Бұл өзгерістің негізгі жетекшісі  – біздің тиімді сауда туралы көзқарасымызды түбегейлі өзгерткен Kaspi Жұма  бүкілхалықтық сатып алу мерекесі болды.
Сатып алушыларға Kaspi Жұма дегеніміз 24 айға бөліп төлеуге сатып алу мүмкіндігі. Мәселен, 240 мың теңгеге сауда жасасаңыз, ай сайынғы төлем небәрі 10 мың теңге болады. Сатып алушылар бұл тиімді екенін әрі отбасылық бюджетке шығын келтірмейтінін айтады.
Қазақстандықтар пайызсыз бөліп төлеу арқылы сатып алу әдісін жақсы көреді және оның шарттарын жақсы меңгерген. 0-0-24 сандары ешкімге де құпия емес. Бәрі де – пайызсыз, комиссиясыз және басқа да қаржылай ауыртпалығы жоқ 24 айлық төлемдер.
Kaspi Жұма кезінде кейбір сатушылар қулыққа басып, жасанды түрде тауар бағасын арттырып жіберуге тырысады. Олар тиімді бөліп төлеу шартының арқасында көпшілік бәрібір де сатып алады деп есептейді. Бірақ адамдар бұл туралы алдын ала біліп, ерте бастан бағаларды салыстырып алып, баға жоғарылатпайтын сатушыларды таңдап үйренген.
Кәсіпкерлер үшін Kaspi Жұма – саудасын қызу жүргізудің мүмкіндігі. Себебі Kaspi кәсіпкерлерге өз тауарын бірден 13,5 миллион қазақстандыққа ұсынуға мүмкіндік беріп отыр. Оның үстіне қосымша тиімді шарттарын ұсынады: бөліп төлеу және үйге немесе Kaspi Postomat-қа тегін жеткізіп беру.
Kaspi.kz бірнеше мың Kaspi Postomat-тан тұратын толыққанды желі құрды. Осының арқасында тіпті шағын елді мекендерде де сатып алушылар тауарды өзіне ыңғайлы уақытта ала алады.
Kaspi Жұмада 24 айға бөліп төлеуге тауарды ғана емес, қызметтерді де алуға болады. Мысалы – стоматологиялық емханалардың қызметі, оқу курстары, шетелге турлар және тағы басқасы.
Кәсіп иелері өз бизнесін дамыта отырып, экономиканы нығайтуға үлкен үлес қосып жатыр. Себебі Kaspi Жұма бойынша барлық төлем қолма-қол ақшасыз жасалады. Бұл сауда мен қызмет көлеңкеден шығады деген сөз. Кәсіпкерлерге көлеңкелі қолма-қол ақша айналымын пайдаланудан және салықтан жасырудан гөрі заңды түрде жұмыс істеу тиімдірек болады.
Кәсіпкерлерге қойылатын жаңа талаптарды сатып алушылардың өзі де талап етеді. Қазақстандықтар сатып алуды өз смартфонынан тікелей төлей отырып, пайызсыз бөліп төлеу немесе бонустар алу мүмкіндігімен ыңғайлы түрде сатып алуға дағдыланған. Сондықтан мұндай қызмет көрсетпейтін сатушылар бәсекелестікте жеңіліп, клиенттерін жоғалтады.
Онлайн-сауданың өсуіне байланысты логистикалық сала да табысты дамып келеді. Түрлі өңірдегі кәсіпкерлер тауарларды бүкіл Қазақстан бойынша тез жеткізуі үшін Kaspi.kz көптеген курьерлік, көлік компанияларымен серіктес.
Сатушылар ғана емес, сонымен қатар курьерлер, қойма қызметкерлері, тасымалдаушылар, жүк тасушылар, сұрыптаушылар – бәрі де көптеген тапсырыс пен табыс тапқанына қуанышты.
Қорыта келе тиімді сатып алудың оныншы жалпыхалықтық мерекесінің басты жетістігін экономиканың бірнеше саласында: сауда, қаржы, IT, логистикада айтарлықтай үлгерілеу деп атауға болады. Сондай-ақ – жаңа жұмыс орындарын құру, шағын кәсіпкерлікті дамытуға нақты қолдау көрсету және миллиондаған клиенттің көңілінен шығу да бар.
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігінің банк және басқа да операцияларды және құнды қағаздар нарығында қызмет жүргізуге 2020 жылғы 03 ақпанда берген №1.2.245/61 лицензиясы.
© ТОО «Internet Portal Nur», 2009-2024
Все права защищены