Күзгі Kaspi Жұма немен қуантты
Сатып алу мерекесінде қазақстандықтар 2 милионнан астам тауарға тапсырыс берген
Қазақстанда Kaspi Жұма бүкілхалықтық сатып алу мерекесі өтті. Көптеген қазақстандық қыс қарсаңында дөңгелек, жылы аяқ киім мен киімін жаңалап, үйлеріне тұрмыстық техника мен электроника, үйге және жөндеу жұмыстарына арналған тауарлар сатып алды.
Kaspi Жұмада - барлық зат 24 айға бөліп төлеу арқылы пайызсыз және артық төлемсіз сатылады. Сауданы Kaspi.kz-тегі интернет-дүкенде, сонымен қатар Kaspi-дің бүкіл ел аумағындағы серіктес дүкендерінде жасауға болады.
Сатып алушылар Kaspi Жұмада тауар сатып алу ыңғайлы және тиімді дейді.
Сатып алу мерекесіне сатушылар да риза.
Өйткені олардың сатылымы бірнеше есе өседі.
Сатып алу мерекесіне қатысу шағын кәсіпкерлер үшін де, ірі компаниялар үшін де тиімді.
  • Мен бала күтіміне байланысты демалыстағы анамын, кәсіпкермін. Балаларға арналған қазақ және орыс тілдеріндегі кітаптарды сатамын. Kaspi Жұмада сатылым 2-3 есе артады. Әрине, шаршайсың. Тауарларды ораудың машақаты таусылмайтындай көрінеді, бірақ соңында жемісін көресің.
    Анна Леонова
    Кәсіпкер, тапсырыстарды Kaspi-дің жеткізу бойынша серіктесі арқылы жібереді
  • Kaspi Жұмаға екінші рет қатысып отырмыз, өте нәтижелі болды!
    Бүгін бізде әдеттегіден 10 есе көп тапсырыс бар. Керемет, керемет, тіпті сөзім жоқ!
    Жасұлан Тырнақов
    Косметика сататын «Шик» серіктестігі
  • Осы Kaspi Жұма аясында біз үш күнде миллион доллардан астам табыс таптық деп айта аламын. Сатып алу мерекесі біз үшін тағы да рекордтық болды!
    Мұрат Әлиханов
    1Fit негізін қалаушы және басшысы
  • Әрбір бөлімде сату екі есе өсті, ал сантехника туралы айтатын болсақ, онда үш-төрт есе өсті. Kaspi Жұма күндері көптеген сатып алушы бірінші рет келеді, содан кейін біздің тұрақты тұтынушыларымызға айналады.
    Жамил Халилов
    «12 месяцев» гипермаркетінің әкімшісі
Сатып алушының өтініші бойынша заттар үйге тегін жеткізіледі. Сондықтан жеткізу қызметтері Kaspi Жұма кезінде күшейтілген режимде жұмыс істейді.
  • «Kaspi Жұмада» өте қарбалас күндеріміз болады. Жеткізу көлемі қатты өсті. Бірақ біздің жалақымыз да жеткізу көлемі мен өтінім санына байланысты!
    Кудрат Даулятов
    Mechta компаниясының экспедитор-жүргізушісі
Шағын кәсіпкерлер оралған тауарларды тапсырыс қабылдау пункттеріне әкеледі және сол жерден Kaspi.kz-тің жеткізуші серіктестері бүкіл ел аумағына таратады.
Кішігірім заттарды Kaspi Postomat арқылы алуды жөн санайтын тұтынушылар көбейіп келеді – үйде курьерді күтудің қажеті жоқ, ыңғайлы уақытта алып кетуге болады.
Мен зейнеткермін, Kaspi Жұманы асыға күттім. Затты жеткізу өте ыңғайлы! Шаш кептіргішті Kaspi Postomat-тан алып барамын, тағы бір затты үйге тегін жеткізді.
Жанна Қасенова
Сатып алушы
Kaspi Жұмада телефон алдым. Кеше тапсырыс бердім, бүгін алып барамын. Kaspi Postomat-ты жиі қолданамын.
Өте ыңғайлы нәрсе!
Данил Кильмухаметов
Сатып алушы
Сатып алу мерекесінде адамдар ұзақ кезекке тұрып, сөреден тауарды бірінші болып алуға тырысатын күндер артта қалды. Қазіргі уақытта көпшілігі онлайн сатып алады.

Көптеген адам дүкенге тек тауарды ұстап көру үшін келеді, содан кейін ұялы қосымша арқылы - кезексіз, тегін жеткізу қызметі арқылы сатып алады.

Kaspi Жұма саудада нағыз феноменге айналып үлгерді. Сатып алу мерекесі адамдарға отбасылық бюджетке салмақ түсірмей, өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Ал қазақстандық шағын және орта бизнес дамып, жаңа жұмыс орындарын ашу мүмкіндігі туындайды.

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігінің банк және басқа да операцияларды және құнды қағаздар нарығында қызмет жүргізуге 2020 жылғы 03 ақпанда берген №1.2.245/61 лицензиясы.
© «Нұр интернет-порталы» ЖШС, 2009-2023
Барлық құқық қорғалған