Ғалия Тоқсанбай
«Алматыға келген соң біраз уақыт әкемнің үйінде тұрдық. Бірақ өзімізге баспана қажет деп шештік. Қаражат жинап, төрт миллион теңге жинадық. Пәтер іздей бастағанда баспана бағасы шарықтап тұрғанын көрдік. Қайта Бесағаштағы таунхаустан пәтер таптық. Қалаға тиіп тұр».
«Мен Алматыға Алматы облысы Шелек ауданынан 10 жыл бұрын көшіп келдім. ЖОО бітіріп, жұмысқа тұрып, үйлендім. Келіншегіммен бірге пәтер жалдап, ақысына қомақты ақша төлейтінбіз. Тапқанымыздың тең жартысынан астамы пәтерақыға кететін. Түрлі мемлекеттік бағдарламаларға өтінім беріп көрдім, бірақ отбасылық бюджет баспаналы болуға жетпейтін. Нәтижесінде «7-20-25» бағдарламасына өтінім беріп, Алатау ауданынан пәтер таптық».
«Осы жылдар аралығында қайда тұрмадым – пәтер де, жатақхана да жалдадым. Баспана сатып алу мәселесі мен үшін өзекті еді, бірақ оған мүмкіндік болмады. Бірақ жақында, болды, уақыты келді, дедім. Пәтер іздей бастадым. Басты талап - тиімді баға ғана емес, салынып біткен тұрғын үй кешенін болуы. Себебі салынып жатқан жылжымайтын мүлік алсам, мен ипотеканы да, жалдамалы пәтерді де төлеуге мәжбүр болатын едім».