nur.kz
КРЕАТИВТІ ӘРІ ҚОЛЖЕТІМДІ:
ЖАҢА ЖЫЛҒА ЖАҚЫНДАРЫҢЫЗҒА АРНАЛҒАН ЕҢ ҰТЫМДЫ 10 СЫЙЛЫҚ
Көп жағдайда біз мерекелерге әлі көп уақыт бар деген сылтаумен оны жаңа жылға уақыт тақап қалғанда, кейде тіпті соңғы күні алып жатамыз. Десе де жыл соңына дейін әлі екі аптадан астам уақыт бар, сол себепті жақындарыңыз бен достарыңызға сыйлықтарды асықпай таңдай аласыз. Ал сыйлық таңдауда жаңылыспас үшін NUR.KZ сыйлыққа қатысты идеяларды, бастысы – ерекше әрі бағасы қолжетімді сыйлықтар топтамасын жасады.

Әркімнің нені қалайтынын білсеңіз, сыйлық таңдау әсте қиын емес. Мұндайда стандартты кружкалар, тәттілер мен арзан косметика жиынтығы туралы ұмытқан абзал. Бұл сыйлықтар бәріне бірдей ұнай бермесе де, көпшілігіне ұнайтыны анық. Сол себепті сіз 10 мы теңгеге дейінгі көлемдегі өзгеше сыйлықты таңдап, ерекше Санта атаныңыз.
  • ӨСІМДІК ӨСІРУГЕ АРНАЛҒАН ЭКОТЕКШЕ

    Кейде жаңа жылға гүл немесе түрлі өсімдіктер сыйлап жатады, ал кейде – кейін үлкен етіп өсіруге болатын кішкентай шырша сыйға тартады. Біз одан да тиімді нұсқаны таптық – «Эко-текшелер» жиынтығы, оның көмегімен сіз өз пәтеріңізде жасыл «достармен» достаса аласыз.

    Жиынтық - вермикулит пен тұқымның арнайы толтырғышы бар кішкентай ағаш текше болып табылады. Бұл ретте сіз шырша, акация, мимоза, шалфей, тіпті лаванданы да таңдай аласыз. Өсімдіктерді өсіру аса қиын емес, ал тұқымдар өніп шыққаннан кейін, біраз уақыттан соң оны үлкен қалыпқа ауыстырып, отырғыза аласыз. Текше авторлары тұқымдар бірнеше күннен кейін өніп шығады дейді. Өз досыңызды биологқа айналдыруға асығыңыз!

    Құны – 2800 теңге.
  • МАССАЖ ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН СЕРТИФИКАТ

    Қиын жұмыс күнінен кейін шаршағаныңды басатын массаж туралы бәрі армандайды, солай емес пе? Бірақ біреулер оған уақыт таба алмайды жатады, енді біреулер – ақшасын жұмсағысы келмейді, ал тағы біреулер – өзіне бір сағаттық релаксация сыйлағаннан гөрі, қаражатты басқа нәрсеге жұмсауды жөн көреді.

    Сондықтан, егер сіз сыйлық сыйлайтын адам осы сипаттамалардың бәріне сай келсе, онда спа немесе массажға сертификат сатып алып беріңіз. Мұндайда ол осы сыйлықтан бас тарта алмайтыны сөзсіз және өзіне де аз да болса уақыт бөледі.

    Сертификат құны – 10 000 теңге.






КӨТЕРІҢКІ КӨҢІЛ-КҮЙ СЕРТИФИКАТЫ
Жақындарыңызға 31-ші желтоқсандағы мереке күнін жылдар бойы еске салатын шынайы, материалдық сыйлық қана емес, көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды әсер де сыйлай аласыз. Себебі, олар тауарлар сияқты жарамдылық мерзімі өтіп, ескіріп қалмайды ғой?

Көтеріңкі көңіл-күй сертификатына құммен сурет салу, қыш дөңгелегінде жұмыс істеу, фьюзинг (пеште әйнекті күйдіру техникасы), суда сурет салу және тағы басқа шеберлік сабақтары кіруі мүмкін.

Оның құны – 7000 теңге.
  • СЫМСЫЗ ҚУАТ КӨЗІ

    Телефонды қуаттау қажет болған жағдайда, қуат көзіне байланып, отырып қалуды көпшілік ұнатпайды. Әсіресе, егер сіз үйде болмасаңыз – бос қуат көзін іздеп, телефондағы заряд деңгейін тексеріп, USB жалғағышты алып, оны қуаттап, кейде тіпті отырған жеріңізде ұялы телефоныңызды ұмытып кетуіңіз әбден мүмкін. Солай емес пе?

    Сондықтан мұндайда көпшілігіміз телефонды тез қуаттайтын, сымсыз қуат көзін пайдалануды жөн санаймыз. Мысалы, смартфонды тез қуаттау үшін Neo сымсыз қуат көзінің бетіне гаджетті қою жеткілікті. Сонда артық жалғағыштардың да қажеті болмай қалады әрі бағасы да қолжетімді, бастысы, мұндай сыйлықтан ешкім бас тарта алмайды.

    Қуат көзінің техника дүкендеріндегі бағасы - 6 990 теңгені құрайды.
  • КАТАНА ҚОЛШАТЫРЫ

    Қолшатыр – күнделікті тұрмыстағы ең қажетті нәрсе. Бірақ ол жауын-шашыннан қорғап қана қоймай, сонымен қатар адамның сырт келбетін ажарландыра түсетін қызықты, қосымша элемент болса тіптен керемет болатын еді. Сол себепті де өндірушілер қарапайым қолшатырды ерекше – катана түрінде жасауды ұйғарған секілді.

    Жалпы катана дегеніміз – жапондық ұзын қылыш, оның пішіні пышаққа ұқсайды, бірақ одан айырмашылығы ұстайтын тұтқасының ұзын және түзу болуы. Мұндай қара түсті қолшатыр ер адамдар үшін таптырмас сыйлық болатын еді, себебі оның үлкен күмбезі бар – 115 сантиметр – яғни оның астына бірнеше адам немесе бүтін бір отбасы жасырына алады.

    Мұндай катана-қолшатырдың құны небары - 4600 теңге.

  • ГАНТЕЛЬ ПІШІНДІ БУДИЛЬНИК-САҒАТ

    Кім-кімге болмасын таңғы уақытта тұру әсте қиын, әсіресе қыстың аязды күндерінде тіптен қиын. Мұндай жағдайда адамды жылы төсектен қандай нәрсе тез оятып, тұрғыза алады? Бір қызығы, осы орайда мәселе ақшада немесе оны табудың қажеттілігінде де емес. Әрине сізге ертесімен будильник сағат көмекке келеді. Ал оның пішіні қорқынышты болса, «біттім» дей беріңіз – тәтті ұйқыңыздан лезде оянып, жұмысқа асығатыныңыз сөзсіз.

    Өйткені, бұл будильник-сағатты өшіру үшін гантельді 30 рет көтеруіңіз керек. Олардың салмағы бар-жоғы – 700 грамм болса да, таңғы жаттығумен өізңізді қамтамасыз еттім деп есептей беріңіз. «Ояту қызметі» өшкен соң, спорттық құрылғы қарапайым будильник сағатқа айналады.

    Құны – 4700 теңге.
  • ШАРАПҚА АРНАЛҒАН КЕЙС

    Шарапты сақтау немесе оны қызғылт сары жабындылары бар әдемі қара кейсте тасымалдау – бұл бөтелкені пластикалық пакетке салу ғана емес. Бұл жағдайда әдемі әрі сүйкімді қорап тек сыйлық қана емес, сонымен қатар, мұндай кейс алдағы уақытта ішімдікті сыйға тартуды жоспарласаңыз, оны салып қоятын таптырмас қаптама бола алатын еді.

    Бұдан бөлек, жиынтыққа шарап үстелге және басқа да жерлерге тамып кетпеуі үшін пайдаланатын штопоры бар әмбебап пышақ, бөтелкенің мойнына арналған сақина кіреді.

    Мұндай сыйлық құны - 10 000 теңге.







ЛОТЕРЕЯ
Лотерея адамдарға – біріншіден, жақсы, көтеріңкі көңіл-күй сыйласа, екіншіден – 5 миллион теңгеге дейін, тіпті пәтер ұтып алу мүмкіндігін сыйлайды.

Пәтер ұтысына қатысу үшін Satty Zhuldyz ұлттық лотереясының TeleBingo ойынының бес немесе одан да көп билеттерін сатып алу қажет. 2 қаңтар, жексенбі күні, сағат 10:00-де Astana TV телеарнасында тікелей эфирде бір емес, екі пәтердің ұтыс ойыны өтеді! Сонымен қатар, бұл ойында 500 мың теңгелік жүлде иегері атануға болады – оны 24 адам ала алады.

Лотореяға қатысу үшін 2022 жылдың 1-ші қаңтары сағат 23:59-ға дейін TeleBingo ойынының 2500 теңгелік бес лотерея билетін сатып алу қажет.

Ал егер сіз жылдам нәтижеге қол жеткізгіңіз келсе, онда «Құтықтаймыз!» лотореялық шақыруын алыңыз. Бұл – әр қатысушы 500 теңгеден бес миллионға дейін ұтыс ала алатын, ұтылыссыз, қолма-қол, лезде ойнатылатын лотерея болып табылады. Сондай-ақ, мұндай лоторея арнайы сыйлық қаптамасымен бірге сатылады, онда сіз өз жақыныңызға тілегіңізді жазып, қалдыра аласыз.
  • СЕЛФИ-ШАМЫ

    Әлеуметтік желілер үшін фото немесе видео түсіру бүгінде өте кең таралған. Біреулер мұны «өзі үшін» жасаса, енді біреулер – танымал тиктокер болуға асығады, ал енді біреулер тіпті одан едәуір табыс табады. Көптеген адамдар, әсіресе жастар, селфи жасауға арналған, сақина тәріздес селфи шамын сыйға тартсаңыз, қуанатын еді.

    Шамдар диаметрі бойынша әр түрлі болуы мүмкін, сонымен қатар әр түрлі түстері бар жарқыраған шамды да таңдауға болады. Олардың көпшілігімен жарықтың жылуын, штативтің биіктігін және басқа да техникалық жақтарын реттеуге болады.

    Құны – 6000 теңге.




  • ЙОГА КІЛЕМШЕСІ

    Сіздің досыңыз, құрбыңыз немесе жақын адамыңыз йога, фитнес немесе спортзалға бара ма? Мүмкін сіз оның осы сабақтарға арналған кілемшесінің тозғанын немесе оның мүлдем жоқ екенін байқадыңыз ба?

    Онда бұл жақыныңызға қандай сыйлық тарту етемін деп бас қатырмай-ақ қойыңыз. Дереу йога кілемшесін сатып алып, жақыныңызға жаңа жылға осындай сыйлық жасаңыз. Бастысы ол – пайдалы, ал егер досыңыз ештеңемен айналыспаса, демек осы кілемшені алған соң, ол міндетті түрде йоганы немесе фитнеске баруды қолға алады.

    Сабаққа арналған кілем пайдалы болады, ал егер сый алушы ештеңемен айналыспаса – бұл бастауға тамаша себеп.

    Құны – 7 990 теңге.

Сіз өз жақындарыңыз бен достарыңызды бақытты ету үшін ең жақсы таңдау жасайтыныңызға сенімдіміз.


Барлықтарыңызды келе жатқан жаңа жылмен құттықтаймыз!

© ТОО "Интернет портал Нур", 2009-2021
Все права защищены