"KZ ТАБИҒИ СУЫ" АРНАЙЫ ЖОБАСЫ
Қазақстандағы танымал тұлғалар сұлу мүсін мен әдемі терінің құпиясы туралы айтып берді

Артық салмақты тастау үшін су ішу керектігін көпшілік жақсы біледі. Ал көптеген диетологтар құрамында адам ағзасына пайдалы минералдары мол, тамақтану мөлшерін азайтқан кезде ағзаға көмекке келетін табиғи минералды ауыз су ішуге кеңес береді.

Әрине, нәтижесі сіз ойлағаннан асып түссе де, тамақты толығымен суға ауыстыруға болмайды.Өйткені, дене сымбатын айшықтай түскісі келетін кез келген адамның бірінші кезекте денсаулығына кінәрат түсіргісі келмейтіні рас қой.

Қазақстандағы танымал эстрада жұлдыздары да өз сымбатын жетілдіру жолында пайдалы табиғи минералды сулардың көмегіне жүгінеді. Олардың көпшілігі артық салмақтан арылып, терінің әсемдігін сақтау үшін өздері қолданатын табиғи судың сапасына да үлкен мән береді.


Nur.kz порталына сұхбат берген Мақпал Исабекованың айтуынша, табиғи минералды су спортпен айналысатындар үшін ең маңызды көмек саналады. Сондықтан ол мұндай суды көбірек ішуге кеңес береді.

  • Мақпал Исабекова
    Әнші
    Біздің ағзамыздың 80 пайызы судан құралады. Мен суды көп әрі жиі ішемін, таңертең міндетті түрде бір стакан су ішуді әдетке айналдырғанмын. Сондай-ақ, мен суды түрлі шырындар мен газдалған сусындардың орнына ішуге кеңес беремін. Қыс кезінде мен жаздағыдан аздау ішетін шығармын. Бірақ, мен күніне екі-үш литр суды анық ішемін деп айта аламын.

    Cурет Мақпал Исабекованың жеке Instagram парақшасынан
Отандық эстрада жұлдызының айтуынша, ол күніне бірнеше литр минералды ауыз су ішу арқылы өзін керемет сезінеді. Одан бөлек, Мақпал кроссфитпен де айналысады. Жаттығу кезінде Мақпал міндетті түрде газдалмаған су ішетінін ашып айтты.

FM тобының мүшесі Эльвира Валиева жаттығу залында көп уақытын өткізіп, спортпен белсенді түрде айналысады және міндетті түрде табиғи минералды су ішеді. Конкурсқа дайындалып жатқан бойжеткен күнінен бір литрге жуық су ішіп, табиғи минералды судың пайдалы тұстарын аңғарып үлгергенін айтады.

Бүгінде әнші аш қарынға бір стакан су ішу қажеттігін ұлына да үйретіп қойған. Эльвира баласына түрлі шырын немесе газдалған сусындарды сатып алған емес. Көп жағдайда ол үйде дайындалған компот, кисель немесе бұлақ көздерінен алынған табиғи минералды суларды ұсынады.

  • Эльвира Валиева
    FM тобының мүшесі
    Бүгінде мен арықтау үшін бар күшімді салудамын. Сол үшін күніне суды көбірек ішіп жүрмін. Жаттығу барысында майдан арылу үшін ағзадағы суларды кетіремін. Мен үшін табиғи минералды су бірінші орында тұр. Тамақты аз ішіп, суды көбірек қолданамын. Ата-анам аш қарынға бір стакан су ішу керектігін бала күнімнен бері айтып келеді. Өйткені, бұл денсаулық үшін пайдалы.

    Cурет Эльвира Валиеваның жеке Instagram парақшасынан

Әнші Ксения көп жағдайда су ішу керектігін ұмытып кететінін жасырмады. Алайда, ол күн сайын міндетті түрде жарты литр су ішеді.

  • Ксения
    Әнші
    Мен су ішудің өте пайдалы екенін, сондай-ақ, күніне кем дегенде бір жарым литр су ішу керектігін жақсы білемін. Алайда, күнделікті жағдайда суды көп іше бермеймін. Ұмытып кетемін. Спортпен де шындап айналысқан емеспін. Менің терім өте құрғақ, егер су ішпесем кремдердің өзі көмектеспейді.

    Cурет Ксенияның жеке Facebook парақшасынан
Әнші Сиви Махмуди суды өте көп ішетінін, ұйқыдан оянғаннан кейінгі 40 минут ішінде бір литрге дейін су ішетінін жасырған жоқ.

  • Сиви Махмуди
    Әнші
    Мен тек қана газдалмаған суды ішемін. Одан бөлек, бір жерлерге бет алсам міндетті түрде өзіммен бірге су толы құтыны алып жүремін. Өйткені мен оны сусындардың орнына ішемін. Мен бұрын көп ауыратынмын, ал дәрігерлер ағзаның құрғап кеткенін айтты. Сол кезден бастап мен табиғи суды көп қолдана бастадым. Нәтижесі де көп күттірген жоқ. Бүгінде мен өзімді өте жақсы сезінемін, сергектік пайда болды. Сондай-ақ, терінің жағдайы жақсарып, шаршау секілді жағымсыз әсерлерден арыла бастадым.

    Cурет Сиви Махмудиның жеке Instagram парақшасынан
Ал әнші Рано Умарова болса, тек қана минералды су ішу арқылы арықтауды жөн санайды. Ол арықтаудың өзіндік әдістеріне сүйене отырып жұмыс істейді.

Әншінің айтуынша, ол ауыр тағамдар жей бастаған сәтте терісі де нашарлай түседі. Ал табиғи ауыз судың мөлшерін арттырған кезде барлығы орнына келіп, терісі де жақсара бастайды екен.


  • Рано Умарова
    Әнші
    Мен күніне бір жарым литрге дейін су ішуге тырысамын. Алайда, тек бір литр судан аса алмай жүрмін. Артық салмақтан арылу керек болса, мен тек су мен айран ішіп, алма жеумен ғана шектелемін. Әсіресе, клип түсірілім болатын кезде бірнеше күн бойы тамақ жемей, тек минералды сулармен қоректенемін. Арықтайтын кезде тек қана су ішуді мен саналы түрде әдетке айналдырғанмын

    Cурет Рано Умарованың жеке Instagram парақшасынан

Дұрыс тамақтану және детокс жөніндегі маман Мира Панова арықтағысы келетіндерге арналған су диетасының да бар екенін айтады. Бұл диетаның негізгі мақсаты - таңертеңгі және кешкі уақытта екі стакан жылы су ішу болып саналады. Таңертеңгісін ағза оянып, белсенді жұмысқа дайындалады. Ал кешкісін ағзаны тазалау басталады.

Сонымен қатар, тамақ ішердің алдында екі стакан табиғи минералды ауыз су ішкен жөн. Бұл қарын ашудың алдын алып қана қоймай, асқазанға тамақты қорытуға, пайдалы заттарды реттеуге, қорытылмаған асты артық салмаққа айналдырмауға көмектеседі.

Күн сайын ішетін судың жалпы мөлшері бір литрді құрауы тиіс.

Минералды ауыз судың көмегімен арықтау – мүсініңізді мінсіз қылудың ең қарапайым және тиімді әдісі. Суды көп ішу кез келген диетаның ажырамас бөлшегі екені осыдан дейді Мира Панова.

ҚР валеология Академиясының мүшесі, ҚР минералды ресурстар жөніндегі Комитеттің корреспондент-мүшесі, TURAN табиғи минералды суын зерттеуші Евгений Пятов табиғи минералды ауыз судың артық салмақтан арылып, адамның көңіл-күйін көтеруіне қатысты көмегін ғылыми тұрғыдан анықтап көрді.

Тамақтан соң қандағы эритроциттер бір-біріне жабысып, монета секілді ұяшықтар пайда болады. Бұл зат алмасу мен ағзадағы жасушаларға және миға оттегі жеткізуді қиындатады. Міне, тамақтан соң ұйқы келуінің басты себебі осы.

TURAN минералды суының жарты стаканы аталған монета кейпіндегі ұяшықтарды бұзып, метаболизм жұмысын жақсартуға, эритроциттердің қанда еркін жүруіне және ағза жасушаларына оттегінің жетуіне әсер етеді.

Жұлдыздар секілді сұлу болуды әрбір қыз армандайды. Алайда, судың күшін көпшілігі біле бермейді. Себебі, судың көмегімен сырт келбетті де мінсіз етуге болады.


ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ: