"KZ ТАБИҒИ СУЫ" АРНАЙЫ ЖОБАСЫ
Адель Смит: Тірі су тұрғанда, басқасын алып қайтемін?
Өмірдің мәнді болуы біздің ішер ас-суымыздың сапасына байланысты. Пайдаланып жүрген судың құрамы тек тағамның дәміне ғана емес, адамның көңіл-күйіне де әсері бар. Қазақстандағы ең танымал аспаздық шоудың жүргізушісі Адель Оразалинова өзінің ғажайып тағамдарына қандай суды қолданатынын және оның тағам дәміне қалай әсер ететінін айтып берді.
Адель
Адельдің сөзінше, ол телевизия саласында 14 жасынан қызмет етеді, ол көптеген аспаздық бағдарламаға қатысқандықтан, жұрт оны әзіл-шыны аралас «монополист-аспаз», «аспаз апай» деп атай бастады.

«Адельмен бірге ас әзірлейік» бағдарламасы туралы ой оның Қазақстанда food-стайлингпен айналысатын шығармашылық достарының авторлық бағдарлама ашу жөніндегі ұсынысынан туындаған. Сол кезде ол қазақстандық бикештерге әйелдердің үй жағдайында қалай тағам әзірлеуге болатынын еш боямасыз көрсетуді шешті.

Біз «шынайылыққа» баса назар аударамыз. Біз үйімізде басымызға жаулық немесе қалпақ, әдемі көйлек киіп, үстінен алжапқыш тағып тамақ әзірлемейміз. Мен ас үйде джинсы және жейдемен, ешқандай қалпақсыз жүремін, дәл солай бағдарламаға шығамын.
Ол үйіндегідей бағдарлама кезінде де көптеген нәрсені қолымен істейді, оның әдепке қаншалықты сай екені беймәлім, бірақ тағам өте жылдам дайындалады– Адель өйткені өз ас үйінде жүр.
Танымал аспаздық шоудың ең басты қағидасы – шынайылық.
«Біз үйде: «Мен үнемі алқызыл гималай тұзын, иран шафранын және балғын трюфельдерді пайдаланамын. Ал гарнирге перулік спаржаны жақсы көремін» деп айтпаймыз ғой. Ол шындыққа жатпайды. Мен шамам келгенше қолжетімді азық-түліктен әзірлеймін, бірақ оларға танымал емес, экзотикалық қоспаларды сельдерей, шпинат, дайкон сияқты ерекше дәмдеуіштерді енгізуге тырысамын», – дейді Адель.

Сондай-ақ, ол бағдарламасында көрермендерге ас үйде әр минутты дұрыс пайдалануды үйретеді, мысалы, сорпа қайнағанша бәлішті пешке салып қойып, ол піскенше, салат әзірлеп жіберуді айтады.

«Біздің тағамдарымыз мейлінше тойымды. Бұл салауатты тамақтануға жатпайды – бұл үй тағамдары болғандықтан пайдалы. Ол қатты майлы емес, оның құрамы теңдестірілген. Мен үнемі барлық отбасы мүшелеріне лайықты ас рецебімен бөлісемін, соның ішінде ет қосылған, тойымды немесе үнемі арықтағысы келіп жүретін аналарға арналған және балаларға арналған рецептілер бар», – дейді Адель Оразалинова.

Алайда Адель Қазақстан әйелдеріне тағамды жылдам әрі дәмді әзірлеуді үйретуді өзінің миссиясы деп санамайды, оның ойынша әрбір әйел ас әзірлеуді жақсы меңгерген.

«Біздің әйелдерді үйрететіндей мен кіммін? Менің мақсатым – телекөрермендердің күнделікті өмірін түрлендіру, әйелдерге бүгін қандай тағам дайындаймын деп бас қатырмау үшін кеңес айтып жіберу, олардың рационын байыту», – дейді ол.

Ол әйелдерді ас әзірлеуден қашпауға, отбасының барлық мүшесімен бір дастархан басына жинап, жақындарыңды өз қолыңнан шыққан дәммен қуантуды өз мақсаты деп санайды.

Адель бағдарламасында әйелдер ас әзірлеуден қашпайтындай өте жеңіл азық-түліктерді таңдап алады. Сонымен қатар, ас ойлап табуда ол әрқашан қазір қандай мезгіл екенін есте ұстайды, өйткені сол жыл мезгіліне лайықты көкөністер мен ас шөптерді пайдалануға мүмкіндік көп.

Аспаз өзінің бағдарламасында «велосипед ойлап тауып жүрген жоқ, «тек әйелдерге сол велосипедті ыңғайлы, жайлы және тиімді етудің жолын көрсетіп жүр».

Адель сондай-ақ, үйге азық-түлікті өзі таңдайтынын, оны сатып алуды ешкімге сеніп тапсырмайтынын айтады.
«Мен үнемі басқаларға азық-түліктің қай жақтан екенін сұрап немесе оқып алуға кеңес беремін. Ол мейлінше жергілікті жердің заты болғаны абзал. Әрқашан базардағы жаңа нәрселерге мән беріп жүремін, соның ішінде жеміс, көкөніс пен ас көк (тмин, гүлшетен). Мен дәл осы ас көктерді пайдалануға кеңес беремін. Егер менің кеңесімді қажет етсеңіздер, менің айтарым: тағамды үйде әзірлеңіздер, табиғи азық-түлікті таңдап, қажет заттарды сатып алып, өз тағамыңызды дайындаңыз», – деп кеңес береді Адель.


Тағам дайындауда жақсы су таңдау да аса маңызды тұстардың бірі.

«…Су – өте маңызды. Сапасыз судың барлығына кесірі тиіп, денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Суды мен супермаркеттерден сатып аламын», – дейді тележүргізуші.

Адель тағамның табиғилығына мән береді, сондықтан өз бойында табиғи қасиетін жоғалтпаған суды таңдауға тырысады. Ал қазір ол өзіне ұнап қалған бір марканың ғана суын қолдануды әдетке айналдырған

«Менің түсінгенім, Қазақстандағы сапасы жақсы деп атауға тұрарлық сулардың ішінде TURAN табиғи минералды суы өзінің табиғи қасиеттерімен ерекшеленеді. Тірі су тұрғанда маған өлі судың керегі не?», – дейді Адель.

TURAN табиғи минералды суының дәмін татып, аспаздық шоу авторы дәл осы суды бағдарламада да, үйде де пайдалану туралы шешімге келді.

Маған шынында да оның тәтті дәмі, жеңіл, жағымды құрамы ұнап қалды. Ол жоқта тіпті сағынып қаламын. Біз TURAN-ды аспаздық шоудан тыс үйде қолданамыз, сондай-ақ бүкіл кеңсені де соған үйретіп қойдым. Енді менің әріптестерімнің бәрі сол суды ішеді. Бұл табиғи минералды су кальцийге бай, жеңіл әрі тірі микрофлорасы бар. Ал сусыз көптеген рецептерді іске асыру мүмкін емес: сорпа, компот, бәліштер мен десерттер, маринад, тіпті кейбір салаттарды жасауда керек.

Адель Оразалинова
Адель су және азық-түлік таңдауда оның сапасы мен отбасы мүшелерінің денсаулығына әсеріне мән береді.

Сондықтан да аспаз өзінің көрермендеріне жалпы табиғи азық-түлік таңдауға кеңес береді, өйткені ол тағамды дәмідірек және одан әрі пайдалырақ ете түседі.

Адельдің айтуынша, жартылай фабрикаттан емес, өз бетімізше ас әзірлеп, әсіресе, балаларға үй жағдайында мұзды шай, пломбир балмұздағы, десерт, печенье, пайдалы картоп қытырлағын дайындап, дүкеннен сатып алмауға тырыссақ, иммунитетті көтеріп, отбасы мүшелерінің денсаулығын қалыптастыруға болады. Дәмді әрі тез, бар жан-тәніңмен жақындарыңа ас әзірлеп беру – «аспаз монополистің» ең бірегей құпиясы.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ: