Бәрін онлайн және кезексіз төлейтін белсенді 5 ана

NUR.KZ
Бәрін онлайн және кезексіз төлейтін белсенді 5 ана
NUR.KZ
Жанат Бақыт
сән үйінің иесі
Балалары: Алдияр 8 жаста, Кәусар 4 жаста

Ана болу шын бақыт. Мен үшін отбасым, балаларым бірінші орында. Телевизия саласында жұмыс істеймін. Жеке журналым бар. Кейін жеке сән үйімді аштым. Бір күнім бос болған емес. Бірақ, кез-келген уақытта балаларым үшін уақыт табуға дайынмын. Алтын асықтай ұлым мен қызым бар. Жұмыстан шаршап қайтқанда балапандарым жүгіріп шығып мойныма асылғанда олардың риясыз күлкісі барлық қиыншылықты ұмыттырады.

Барлық жерге үлгеру үшін қажетті құралдарды орнымен қолдану маңызды. Телевизияда он жылдан астам жұмыс істедім. Эфирге қазақы нақыштағы киімдерді киіп шығатынмын. Мұны көріп дизайнерлер киімдерін ұсына бастады. Содан көптеген қыз-келіншектер «сіз қазақи нақыштағы киімдерді қайдан аласыз?», деп сұрап, қызығушылық таныта бастады. Дизайнерлер қаланың түкпір-түкпірінде орналасқандықтан, оларға заттарын сату қиын. Сосын маған «неге дүкен ашпасқа» деген ой келді. Бизнеспен айналысқан адам уақыттың қадірін түсінеді. Кейде таныстарым «бәріне қалай үлгересің?», деп сұрайды. Уақытты дұрыс басқарып, қажетті құралдарды орнымен қолдансаңыз, үлгеруге болады. Мысалы: түрлі төлемдер үшін Kaspi.kz-ті қолданамын. Ешқайда барудың қажеті жоқ. Ұялы телефон немесе компьютермен кез-келген қызметке, әсіресе күнделікті төлем жасайтын қызметтердің ақысын төлеуге ыңғайлы. Уақытың да, қаражатың да үнемді.

Барлық ата-аналар сияқты табысымның бір бөлігін балаларымның ой-өрісін дамытатын ойыншық, кітап алуға жұмсаймын. Қазір интернет заманы. Барлығын онлайн сатып алып, төлеймін. Мысалы: Marwin-нен алу керек болса, сайтына кіріп, тауарды таңдап, төлем үшін Kaspi.kz-ті көрсетіп, тапсырыс нөмірін алған соң, Kaspi.kz-ке кіріп төлем жасауға болады. Өте ыңғайлы. Онлайн сатып алдың, үйіңе жеткізіп береді. Төледің, бонус алдың. Бонусты тағы бір төлемге жұмсай аласың.

Kaspi.kz-тің тағы бір ұнаған жері қайырымдылық жасауға болатыны. Біз әріптестерімізбен, достарымызбен балалар үйлеріне жиі көмектесеміз. Кейде басқа қалалардан көмек көрсеткісі келеді. Ондайда Kaspi.kz-тегі «Қайырымдылық» бөліміне кіріп, қаражат аударуға болады.

Left
Right
Назира Ахметова

Event агенттігінің жетекшiсi
Балалары: Мұхаммедрахим 7 жаста

Жұмыс барысымен Қазақстанның әр өңіріне баруға тура келеді. Мереке ұйымдастырушылардың барлығының жұмыс кестесі тұрақты емес. Қазақстанның басқа елдерден ерекшелігі шаралар өте көп, жиі өтеді. Ал бос уақытымды ұлыммен өткіземін. Сабақтан тыс уақытта да бос болмауға тырысамыз. Сурет салу, вокал, тіл сыныбына барамыз. Сондықтан жұмысы көп аналар сияқты банкке бару, бір-екі сағат кезекте тұру мен үшін де «орындалмайтын арман».
Назира Ахметова
Event агенттігінің жетекшісі

Бірақ ай сайын әртүрлі төлем жасау керек. Коммуналдық қызмет, білім курстарының ақысын төлеу, ұялы телефон, интернет... Мұның бәрін Kaspi.kz арқылы жасаймын. Өмірді жеңілдететін мұндай қызметтің барына шүкір. Бұл болмаса шынымен не істер едік? Уақытың өзі де аз. Оны кезекте тұрып өткізгің келмейді.

Kaspi.kz арқылы жиі билет сатып аламын. Жұмыс бабымен сапарлау кезінде онлайн төлем жасап, сатып алған жеңіл. Бонустар тіпті бөлек тақырып. Банк бөлімшесіне барғанда төлем жасап, комиссия төлейсің. Мұнда керісінше саған бонус береді. Әуе билетін сатып алсаң, оған түскен бонусқа коммуналдық қызметтің жартысынан астамын төлеп тастауға болады. Үнемдеуге тамаша мүмкіндік!

Тағы бір «лайфхак»: krisha.kz, kolesa.kz пен market.kz-тегі жеке кабинетіңдегі балансты бонус арқылы толтыруға болады.
Жақында танысым «Крыша» сайты арқылы пәтерін сатқан кезде менен көмектесуімді өтінген. Пәтер сату ұзақ уақытқа созылатын процесс. Әдетте бір аптадан кейін тегін хабарландыру орналастырудың уақыты бітеді. Одан ары қарай ақылы орналастыру үшін жеке кабинетіңдегі балансты толтыру керексің. Мен басқа қызметтерден түскен бонустың бәрін осы қызметтің төлеміне жұмсадым. Кейін пәтер де сәтті сатылды.
Жанат Рахметова
Б.Байқадамов атындағы мемлекеттің хор капелласының әншісі
Балалары: Камила 9 жаста, Сұлтан 3 жаста
Менің жұмысым қызық пен қарбаласқа толы. Бала күннен әнші болғым келді. Алайда әкем қарсы болды. Үйіміздің жанында музыкалық мектеп болатын. Бір күні ешкімге айтпай сол мектептің директорына барып, әнші болғым келетінін айттым. Ол кісі даусымды тыңдап, «фортепиано» сыныбына қабылдады. «Ата-анаңа өзім айтамын» деді. Сөйтіп музыкалық білім алдым. Қазір күйеуім екеуміз де Б.Байқадамов атындағы мемлекеттің хор капелласында ән айтамыз. Жиі гастрольге шығамыз. Неге екенін білмеймін, бала күннен бір нәрсемен ғана өмір сүре алмаймын. Жұмысымнан бөлек конкурстарға қатысамын. Кейде әртүрлі шараларға да ән айтуға шақырады. Өнер адамның өмірі өте белсенді. Отбасылық өмірді де қоса алып жүру керек. Бір ұл, бір қызым бар. Олардың тәрбиесі мен үшін ең басты нәрсе.

Kaspi-дің төлем қызметі туралы жиі еститінмін. Бірде күйеуімнің туған күніне сыйлық іздеп, сауда орталығына бардым. Алдында өзі ұнатқан пиджакқа көзім түсті. Бірақ бағасы мен ойлағаннан қымбаттау болып шықты. Ойланып тұр едім, сатушы Kaspi Red арқылы бөліп төлеуге алуға болатынын айтты. Ақыры солай алдым. Ай сайынғы төлемді көру үшін Kaspi.kz қосымшасын жүктеп алдым. Кейін жүздеген қызметке төлем жасауға болатынын біліп қатты қуандым.

Жақында пәтер алдық. Біз үшін бұл үлкен қуанышты оқиға болды. Бірақ, бір айдан кейін байқағаным коммуналдық төлем жасау үшін қиналады екенбіз. Өйткені пәтеріміз қаланың сыртында. Жол тығынымен келіп-кету ұзақтау, уақытты алады. Жұмыс арасында барып, төлем жасауға уақыт табу қиын. Әрі жиі гастрольда жүретіндіктен де банк бөлімшесіне баруға уақыт табылмайды. Қазір Kaspi.kz арқылы жұмысқа, үйге келе жатып, іссапарда жүріп төлей береміз. Өте ыңғайлы.

Kaspi төлемдерінің ерекшелігі қарапайымдылығында. Кез-келген адам үшін түсінікті. Қосымшаға кірдің, қажетті төлемді жасадың, бонус аласың, кейін қаражатыңды қайда жұмсағаныңды біліп отырасың. Қазір қолма-қол ақша ұстамауға тырысамын. Жалақымды бірден Kaspi Gold-қа аударып, Kaspi.kz арқылы төлем жасаймын. Айдың аяғында кіріс, шығысымды есептеуге ыңғайлы.

Эльмира Искакова
балаларға білім беру орталығының басшысы
Балалары: Темірлан, 12 жаста, Әлішер, 9 жаста, Елнұр, 7 жаста
Балаларым мен үші ең қымбат адамдар. Мұғалім болуыма да негізі себеп – балаларға білім бергім келді. Қазір оқушыларға білім беретін шағын орталықты басқарамын. Өзімнің үш ұлым бар. Он жылдай қала маңында тұрдық. Кейін осы үш баламның дұрыс білім алуы үшін, Алматыға қоныс аудардық. Он жылда астам уақыт мектепте сабақ бердім. Мектеп бағдарламасында жоқ нәрселерді ескере отырып, орталықтың білім беру бағдарламасын жасадық. Қазір 40-қа жуық бала біздің орталықа білім алады. Балаларымның білімді болуы мен үшін маңызды. Сондықтан үшеуі де қосымша курстарда білім алады. Өзім білім саласында жүргендіктен оның маңызды екендігін жақсы түсінемін.

Тұңғышымды 4 курста оқып жүргенде өмірге әкелдім. Кейін екі балалы болдық. Жас кезде балалы болудың қиындығы білінбейді екен. Тез өсіп кеткен сияқты. Қазір үшеуі де мектепке барады. Әрқайсының өзінің сұранысы, талабы бар. Үлкенім математикаға жақын. Түрлі конструкторларды құруға әуес. Қалған екеуі спортқа жақын. Бала болған соң жиі ойыншыққа тапсырыс береміз. Мұның барлығында Kaspi.kz көмекші. Тапсырыс берген соң, үйге жеткізіп беретіні ұнайды.

Kaspi қызметін ең алғаш Алматыға қоныс аударып, пәтер сатып алған кезде пайдалана бастадық. Үйге қажетті заттар алу керек болып, дүкенге барғанбыз. Қажетті затты таңдаған соң, сатушы бөліп төлеу арқылы сатып алуға болатынын және Kaspi.kz туралы айтты. Тура сол күні коммуналдық төлем жасау керек болатын. Менеджерден бірден қажет ақпаратты түгел сұрап, анықтап алдым. Кешке Kaspi Әмиян арқылы қаражат толтырып, төлем жасадық. Қазір өзі уақыт аз, тығыз кез ғой. Үш баламның мектебі, қосымша сабағы, орталықтағы жұмыс, үйдің жұмыстарымен күннің қалай өткенін байқамай қаламын. Мұндайда Kaspi.kz-ке жүгінеміз. Ең жиі қолданатынымыз - коммуналдық төлем мен ұялы телефон төлемі. Kaspi Магазин де жиі көмекке келеді.

Анар Тауетаева
Спорт тауарларын сатушы компанияның директоры
Балалары: Әзел, 1,9 жаста
Біз 5 жыл Ресейде тұрдық. Ол жақта мұз айдындары желісін дамытумен айналыстым. Қызым Әзел Мәскеуде дүниеге келді. Бала күтіміне байланысты демалысты бизнеспен байланыстыруға тура келді. Мәскеуде басқаша өмір сүру мүмкін емес. Қызым дүниеге келген соң менің өмірімде көп нәрсе өзгерді. Көп нәрселерге басқаша, жеңіл қарай бастадым. Бизнесте миды тынықтырып отыру маңызды. Қызыммен оған мүмкіндік бар. Оның жалғыз «анашым» деген сөзі мен үшін бәрін өзгертеді.

Қазір Алматыға келіп, испаниялық спорт брендін дамытумен айналысудамын. Маған бұрынғы тәжірибем, отбасым мен жақындарымның қолдауы, кішкентай сүйкімді қызым көмектеседі. Біз балаларымыз үшін үлгі, олар біздің өміріміздің гүлі.

Мәскеуден келген соң біз сервисі жақсы, қаражатқа қатысты сұрақтарды шешуге креативті түрде қарайтын банк іздедік. Өйткені қолымызда пәтер алу үшін жиған қаржымыз болды. Іздеп, салыстыра келіп Kaspi Bank-ке тоқтадық. Kaspi мені қатты таңқалдырды. Ресейлік банктерден еш кем емес. Қазір Kaspi.kz төлем жүйесін пайдаланамыз. Алматыдағы жұмыс кестеміз де Мәскеудегіден кем емес. Жаңа брендті дамыту көп уақытты талап етеді. Банк бөлімшесіне барып, кезекте тұруға уақыт таппаймыз. Kaspi.kz арқылы үйде немесе жұмыста, тіпті жолда кетіп бара жатып төлем жасауға мүмкіндік бары қуантады.

Kaspi төлемдерінің ерекшелігі барлық түбіртек электронды түрде сақталады.
Сайтта төлем тарихын көріп, почтама түбіртекті жібере аламын. Меніңше болашақта барлығы осыған көшеді. Қағазбастылықтан арылуға көмектеседі.

Енді анамды Kaspi төлемдерін пайдалануға үйретіп қойсам деймін.
Кейде коммуналдық қызметке төлем жасап, телефонға бірлік салу үшін бізге ақша жіберіп әуреге түседі. Kaspi арқылы комиссиясыз ақша аударып, комиссиясыз төлем жасауды үйретіп қойсам, қиналмас еді. Kaspi қосымшасы өте жеңіл жасалған. Жасы үлкен кісіге де қиындық туғызбайды.

Фото: Сәрсенбек Қызайбекұлы