Нағыз чемпион:
Данияр Елеусіновке жанкүйер болудың басты себептері
Эдди Хирн: Менің жолым болды. Себебі, қазақстандық жас спортшыны әлем чемпионы титулына жетелеу бақыты бұйырды. Данияр Елеусінов маусым айында Ұлибританияда шаршы алаңға шығып, қолғап түйістіреді. Аңдатпасы жақында жарияланады

Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңісі қоғамның назарын ерекше аудартты. Америкалық спортшы Ноа Киддке қарсы жекпе-жектегі жарқын әрі нәтижелі жеңісін барлығы дерлік - қарапайым тұрғындардан бастап бокс әлеміндегі сарапшыларға дейін талқылауда. Біреулер қазақстандықтың жеңісіне айрықша қуанып, шаттыққа бөленсе, енді бірі кездесудің әр сәтін егжей-тегжейлі талқылап үлгерді. Сарапшылар «Қазақтың найзағайының» ең жоғары дәрежеде бәсекеге түсе алатынын көрді және оның рингке кезекті рет шығуын тағатсыздана күтуде.

Елеусіновтің жеңісі біздің елде ғана емес, шетелде де бас бармақпен бағаланып, қызу талқыға түсті. Оған дәлел - Твиттер әлеуметтік желісінде белгілі бір уақыт аралығында қазақстандық боксшының есімі жиі аталып, бұл көрсеткіш бойынша Ұлыбританияда төртінші орынды иеленді. Сөз жоқ, мұндай қызығушылық ағылшындық MatchroomBoxing промеушенін

таңдаумен тікелей байланысты. Бұл ретте ағылшындар боксты жоғары бағалаушылар болып саналатынын естен шығармау керек. Тұманды Альбионда бокс футболға лайықты бәсекелес болып тұр.

Оған қоса, Даниярдың жетістігін шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазып, оның басым тұстарын айқын көрсетуде. Мәселен, беделді TheRing порталының шолушысы Райан Сонгалия қазақстандықтың кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңісі туралы мынадай пікір білдіріпті:«Данияр байсалды кәсіпқой боксшыға ұқсады. Бұл оның мансабының бастамасы ғана және ол қарсыластың осал тұсын түсінуге тырысып бақты. Қазақстандық күшін жинаған тұста Киддті сол жақтан соққан мығым кроссымен сұлатып түсіріп, кездесудің «тағдырын» корпусқа тиген соққылармен шешті. Мен Данияр бұл күннен кейін шеберлігін шыңдай түседі деп ойлаймын. Оның жылдамдығы мықты әрі ринг туралы көп біледі. Оның дивизионындағы спортшылардың қатарында мұндай терең білімі бар боксшылар аз».

Бокссүйер кауым Данияр Елеусіновті қаншалықты мақтап, мадақтаса да ол үшін бір адамның – промоутерінің пікірі аса маңызды. «Қазақтың найзағайын» танытуды мықтап қолға алған Эдди Хирннің қоластындағы спортшының алғашқы жекпе-жегіне көңілі толды деп ойлаймыз.

Қазақстандықтың промоутері көңіл-күйі жақсы екенін танытып, клиентінің кәсіпқой рингтегі екінші кездесуінің ресми аңдатпасын дайындап жатқанын білдірді.

«Менің жолым болды. Себебі, қазақстандық жас спортшыны әлем чемпионы титулына жетелеу бақыты бұйырды. Данияр Елеусінов маусым айында Ұлибританияда шаршы алаңға шығып, қолғап түйістіреді. Аңдатпасы жақында жарияланады», - деп жазды Эдди Хирн өзінің твиттердегі парақшасында.

MatchroomBoxing иесінің мәлімдемесінен Елеусіновтің маусымда өтетін келесі жекпе-жегіне екі нұсқа қарастырылып жатқанын аңғаруға болады. Алғашқысы 6 маусымда Лоуренс Околи - Люк Уоткинс кездесуінің андеркардында өтуі мүмкін. Ньюкаслда да болуы ықтимал. Мұнда 16 маусымда Джош Келлидің қатысуымен бокс кеші өтеді.

Даниярдың қарсыласы болуы мүмкін спортшылардың есімдері құпия қалпында сақталып отыр. Десе де, ол британдық боксшы болуы мүмкін деген болжам бар. Мұндай қадам жергілікті жұртшылықтың жекпе-жекке назарын аударта алады. Қазіргі уақытта Эдди Хирнге керегі де сол. Оның мақсаты – спортшыны қалың көпшілікке таныстыру. Сонымен қатар, бұл мемлекеттің бокссүйер қауымы 2016 жылғы Олимпиаданы ұмыта қойған жоқ. Дәл осы бәсекенің 1/8 кезеңінде Данияр Елеусінов британдық спортшы Джош Келлидің жолын кесіп, жарыстан ығыстырған еді. Кейін Джош Келли де кәсіпқой боксқа ауысты.

Қызықтырарлық әрі жасырын тұс көп. Сондықтан қандай жағдай болса да Данияр Елеусіновтің екінші кездесуі өзі үшін де, жанкүйерлері үшін де қызық болайын деп тұр. Чемпиондық титулға қарай алғашқы қадам жасалды. Енді ілгері басып, әр адымын нықтай түсу қажет.


Бұл боксшының кәсіби тұрғыда өсуі үшін ғана емес, "халықтың сүйіктісі" деген мәртебесін айқындай түсу үшін де қажет. Данияр Елеусінов уақыттың тығыздығына қарамастан әлеуметтік жобаларға белсене қатысуды жалғастыруда. Ол - есімі көпшілікке таныс белгілі азамат, Head&Sholders тауар белгісінің бренд-амбассадоры, бұл оның сенімді, табысты болуына, таңдаған жолының дұрыстығына және алдағы уақытта жеңіске жетуіне айтарлықтай әсер етеді.
Ноа Киддпен кездесуі
«Қазақтың найзағайы» қарсыласын кездесу соңына жеткізбей сұлатып түсірді
Бүгін таңертең қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов өзінің мансабына жаңа тыныс берді. Әуесқой бокстағы барлық дерлік шыңды бағындырып, Азия, Олимпиада чемпионы атанған ол өзін кәсіпқой шаршы алаңда да сынамақ болды. Сөйтіп, бокстың басқа әлеміне қадам басты. Мұнда былғары қолғаптың соққысы - қатты, ал оған қарсы қасқайып тұру - қиын.

Әуесқой бокстан кәсіпқойға өту кез келген боксшы үшін оңайға соқпасы анық. Спортшының бұл бағыттағы жеңісі оны үлкен бокста алып жүретін промоутерлерге тікелей байланысты. Промоутерлер – болашақ чемпиондардың аяққа нық тұруына қатысы бар адамдар. Жан-жақты әрі талантты боксшының білікті қолдаушысы, яғни промоушені болмаса, кәсіпқой бокс спортшыны көзге ілмеуі әбден мүмкін. Тарихта мұны дәлелдейтін мысал көп. Десе де, өз ісін жақсы білетін промоутрлер әлемге жаңа есімдерді танытқан жағдай көбірек.

Данияр Елеусіновке оның жоғары әлеуетін ашатын, танытатын адам керек болды. Қазақстандық боксшы мұндай адамды Ұлыбританиядан тапты. Атап айтқанда, MatchroomBoxing промоутерлік компаниясының иесі Эдди Хирн біздің боксшының промоутері атанды. Бұл ретте Хирннің еңбегінің нәтижелілігін есімі әлемге әйгілі - Энтони Джошуа, Келл Брук, Джордж Гроувз, Тони Белью, Амир Хан және тағы басқа спортшылар айғақтай алады.

«Қазақтың найзағайымен» әріптестік бокс әлеміндегі көптеген маманды таң қалдырды. Себебі, британдық боксшыларға басымдық беретін Эдди Хирннің таңдауы кенет қазақстандық спортшыға түсті. Данияр ұсынысты қабылдау туралы көп ойланбағанын айтады.

– Эдди Хирн мен MatchroomBoxing компаниясынан ұсыныс түсіп, біз оны қабыл алдық. Олар мен туралы естігенде қызығушылық танытқанын жақсы білемін. Оған қоса, Эдди Хирн Энтони Джошуаны бокс әлемінде қалай алып келе жатқанын көрдім. Оның жұмыс жүйесі маған ұнайды. Мен де дәл сол жолмен жүргім келедеі, сондықтан MatchroomBoxing мен Эдди Хирнді таңдадым, - деп түсіндірді Данияр.

Эдди Хирн де қазақстандық боксшының әлеуетін жоғары бағалап, бірлескен жұмыстан көп нәтиже күтеді.


– Бұл жас боксшының таланты мен шеберлігін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Ол – келесі Геннадий Головкин емес, ол – Данияр Елеусінов. Ол – Қазақстанның «алтын баласы». Бұл кезеңде, Головкинмен салыстырғанда, Данияр танымалдылық тұрғысында мүлде басқа деңгейде. Қазақстанда оның бейнесін плакаттардан көруге болады. Ол – нағыз талант және жартылай орта салмақта әлем чемпионы атанады. Ол өзінің қабілеттілігі арқылы тек еуропалық жанкүйерлердің емес, әлемдегі барлық бокссүйер қауымның жүрегін жаулайды, - деп мәлімдеді британиялық MatchroomBoxing промоушеннің иесі.

Шынымен, Данияр Елеусіновті Қазақстандағы ең танымал боксшы деп айтуға болады. Қазіргі уақытта белгілі спортшы әлеуметтік жобаларға белсенді қатысып, медиялық адам, Head&Shoulders тауар белгісінің бренд-амбассадоры атанды. Бастысы, ол – қазақстандықтардың сүйіктісі.

Мамыр айында жасалған келісімшартқа сәйкес, бірінші жылда қазақстандық жеті кездесу өткізеді. Данияр Елеусіновтің алғашқы қарсыласы америкалық Ноа Киддан болды. Нью- Йорк штатының Бруклиндегі BarclaysCenter аренасында болған бокс кешінде қазақстандық спортшы басты жекпе-жек – америкалық Даниэл Джейкобс пен поляк Мацей Сулецки арасындағы кездесудің андеркартында шаршы алаңға шықты.

22 жасар америкалық боксшы тартысқа дейін өзіне нық сенімді екенін көрсетіп еді. Сол тұста ол Елеусінов туралы ешқандай мәлімет білмейтінін де айтып қалды. Бірақ, Ноа Киддтің өзі де кәсіпқой боксқа біраз уақыт бұрын ғана, 2016 жылдың 1 сәуірінде келді. Содан бері төрт кездесу өткізді. Оның үшеуінде (екеуін нокаутпен ) жеңіске жетсе, біреуінде қарсыласымен тең түсті. Ол барлық кездесуін туған штаты – Миссуриде өткізді.

Данияр үшін дебюттық кездесудегі қарсыласы зерттеуді қажет ететін белгісіз боксшы болды. Бірақ, бұл біздің боксшы үшін жаңашылдық емес.

Бұған дейін Ноа Кидд бірінші орта салмақта шығатын, сондықтан болар кездесу алдында оның денесі ірі болып көрінді. Америкалықтың бойы ұзын болмаса да тік жүріп жұмыс істеді. Сол себепті сырт көзге Даниярдан ірі сияқты пікір қалыптасты. Әйтсе де, кездесу алдында салмақ өлшеу кезінде біздің боксшы сәл ауыр болды. Елеусіновтің салмағы - 150,6 фунт (68,31 килограмм), Кидд – 150 фунт (68,04 килограмм).

Елеусіновке қарсыласты зерттеу үшін жоспарланған алты раундтың біріншісі жеткілікті болды. Америкалық алға ұмтылып, өз басымдығын көрсеткісі келді. Бірақ «Қазақтың найзағайы» (Данияр Елеусінов өзіне осы лақап атты таңдап алған еді) оның соққыларына оңай тойтарыс берді. Қазақстандық кезекті рет теңдессіз техникасы мен қолының жылдамдығы арқылы көзге түсті.

Екінші раундта Елеусіновтің басымдылығы айқын байқалды. Оның жекелеген соққылары да, соққылар сериясы да дөп тиді. Даниярдың көзіндегі жалынды байқаған жанкүйерлер «Қазақстан!» деп айқайлап, спортшыға қолдау білдірді. Дәл осы кезде кездесу шарықтау шегіне жетті...


Үшінші раундтың аяқталуына бір минуттан астам уақыт қалғанда Елеусінов сол жақтан ұрған жойқын соққысымен қарсыласын сұлатып түсірді. Америкалық күшін жинап, орнынан тұрды. Рефери есепті ашып еді, бірақ Кидд кездесуді жалғастыруға әзір екенін танытты. Өткізіп алған соққыдан есін жинап, оны құтқарар гонг дауысына дейін жететін сияқты болған. Десе де, үшінші раундтың соңына сегіз секунд қалғанда жекпе-жек аяқталды.

«Қазақтың найзағайы» жасаған соққылар есебінен төрешіге кездесуді тоқтатуға тура келді. Ол америкалық боксшының денсаулығына кері әсер етуі мүмкін соққылардың алдын алды. Елеусіновтің жеңісі! Оның кәсіпқой бокстағы алғашқы қадамы жанкүйерлері күткендей болды: ерекше әсерлі, сенімді және қайталанбас, дара фирмалық стилімен.

Данияр Елеусінов келесі кездесуін осы жылдың маусым айында, Ұлыбританияда өткізеді. Әзірше қарсыласының кім болары белгісіз. Қазақстандық боксшының промоутері атап өткендей, қазір оған өз есімін қалыптастыру қажет. «Қазақтың найзағайы» әлемге танымал болуы үшін оның жеті жекпе-жегі Америкада, Англияда және Монакода ұйымдастырылады.

Ендігі кезекте боксшының күш жинап, өзін-өзі таныту жұмыстарына кірісуіне уақыт бар. Head&Shoulders тауар белгісінің бренд-амбассадоры енді жарнамалық плакаттарға жаңа дәреже – кәсіпқой боксшы ретінде көрік бере алады.

Кездесу алдында
Данияр Елеусінов: Мен әуесқой бокста мүмкін болған атақтың бәрін жеңіп алдым. Енді чемпиондық белбеулерді тағу үшін кәсіби боксқа келдім.
2016 жылғы Рио Олимпиадасы шарықтау шегіне жеткен сәт. Финал. Қазақ жанкүйерлері 69 келінің королі саналатын Данияр Елеусіновтің жолына үмітпен қарап отыр. Әлем және Азия чемпионаттарында топ жарған Данияр үшін енді Олимпиада алтыны ғана жетпей тұр еді. Халықтың намысты ұлы ең шешуші сәтте сыр бермей, өзбек боксшысын ойсырата жеңді. Гонг үні! Жеңіс! Олимпиада алтыны!

Данияр өзіне үміт артқан қалың жанкүйер мен кішкентайынан боксқа баулыған әкесі Мараттың мерейін көкке көтеріп тастады. Рио төрінде, әйгілі Мейвезердің өзі тамашалаған жекпе-жекте қазақтың туын желбіретті. Бұл қазақ жанкүйерлері көпке дейін ұмытпай айтып жүретін тарихи сәт еді. Әуесқой бокстағы барлық атақты, әлем чемпионаты мен Азия ойындарын жеңіп алған оның Олимпиададан кейінгі өмірі түбегейлі өзгерген. Данияр Елеусінов бүгінде қоғам өміріне белсене араласатын медиа тұлғаға, Head&Shoulders сауда белгісінің бренд-амбассадорына, елінің сүйікті ұлына айналды.

Мен боксқа ойын баласы кезінде келдім. Шамамен, 7-8 жасымда бокс залына баратынмын. Тоғыз жасымнан бастап жарыстарға қатыса бастадым. Бокстағы кейбір сәтсіздіктер мені одан әрі шыңдай түсті. Мен ерік-жігерім мен тәртібімнің арқасында осынша биікті бағындырдым
Данияр Елеусінов
2016 жылғы Бразиялияда өткен Олимпиада чемпионы
Данияр Елеусінов 27 жаста. Ол бокстан Азия ойындарының екі дүркін (2010, 2014) жеңімпазы. 2013 жылғы бокстан әлем чемпионы, 2016 жылғы Олимпиада чемпионы. 2015 жылғы әлемдік доданың күміс жүлдегері. Батыс Қазақстан облысында туылған болашақ чемпионды бүгінге дейін өзінің әкесі Марат Елеусінов жаттықтырады. Сондай-ақ, Даниярдың туған ағасы Дәурен де кәсіби бокста жақсы нәтиже көрсетіп келеді.

Шетелдік бокс жанкүйерлері мен мамандар Даниярдың техникасын жоғары бағалайды. Оның шеберлігіне тәнті болғандар Елеусіновті бетіне бір соққы дарытпайтын Серік Қонақбаевқа да көбірек ұқсатып жатады.

Даниярдың бокстағы тұрақты «алтындары» мен жеңіске деген күш-жігері оның қоғамдық өмірдегі белсенділігін де арттыра түсті. 2016 жылдан бастап Head&Shoulders сауда белгісінің бренд-амбассадоры атанған боксшы түрлі шеберлік сағаттарын өткізіп, жарнама роликтеріне түсіп, жастар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттап келеді. H&S брендінің арнайы конкурсында Данияр жеңімпаздарды өзі анықтап, кейін жанкүйерлерге қолтаңба таратты. Арманындағы спортшысын бір көруге асыққан балақайлар мен жасөспірімдер үшін бұл естен кетпес сәт екені ақиқат. Еліміздің әр түкпіріндегі жеткіншектер Данияр Елеусіновтің шаршы алаңдағы жігері мен алаң сыртындағы үлгілі тәртібі, өр рухынан қанаттанатыны сөзсіз.

Рио Олимпиадасынан соң Данияр Елеусінов кәсіби боксқа ауысады деген хабар желдей есті. Иә, Головкин, Шүменов, Жақиянов сынды кәсіби бокстың майталмандары жеткен биікке неге жетпеске? Бар әлем көз тіккен жекпе-жектерде еліміздің абыройын неге көтермеске? Даниярды осы сұрақтар мазалайтын. Көп ұзамай Елеусінов нақты шешім қабылдап, кәсіби бокста атағы алысқа кеткен промоутер Эдди Хирнмен келісім-шартқа отырды.

Бұл - әлемдік бокссүйер қауымды дүр сілкіндірген жаңалық еді. Қазіргі таңда жылына отызға жуық бокс кешін өткізіп, әйгілі Golden Boy мен Top Rank мамандарынан да озып тұрған Хирннің қоластына баруды кез-келген боксшы армандайды. Ал Данияр Елеусінов үшін бұл кәсіби бокстағы кішігірім жеңістердің бірі. Себебі, Энтони Джоуша, Келл Брук, Әмір Хан секілді боксшылардың жұлдызын жаққан Эдди Хирннің қолына түсу екінің біріне бұйыра бермейтін бақыт.

«Данияр Елеусінов қазақ елінің жұлдызы. Енді бізбен бірге жұмыс істейді. Ол Қазақстанда да, бүкіл әлем елдерінде де жұдырықтасады. Біздің оны чемпиондық атаққа жеткізетінімізге 100 пайыз сенсеңіздер болады», - деген промоутер боксшының болашағы жарқын екеніне сенімді.

«Мен әуесқой бокста мүмкін болған атақтың бәрін жеңіп алдым. Енді чемпиондық белбеулерді тағу үшін кәсіби боксқа келдім. Өзімнің таңдаған бағытым ұнайды. Бокс кештерінің жиірек өтетіні қуантады. Ал Хирн болса, нағыз өз ісінің маманы. Қазақ боксшылары үшін кәсіби боксқа жол ашқан Головкин екені сөзсіз. Мен де аянып қалмаймын», - дейді Данияр Елеусінов.

Данияр Елеусіновтің кәсіби бокстағы алғашқы жекпе-жегі 28 сәуір күні (Қазақстанда 29 сәуір куні, таңертең) Нью-Йорктегі «Барклайс» аренада өтеді. Оның қарсыласы – бүгінге дейін жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Ноа Кидд.

Жартылай орта салмақта (66,6 келі) сынға түсетін Елеусінов пен Кидд жекпе-жегі Головкиннің бұрынғы қарсыласы Дэниель Джейкобс пен Мацей Сулеси кездесуінің андеркартына жоспарланған. Жекпе-жек алты раунд формасында өтеді.

Данияр әуесқой бокста өзін мойындатып, әлем және Олимпиада чемпионы атанып үлгерген боксшы. Ал оның қарсыласы Ноа Кидд туралы не білеміз?

Кидтің жасы 22-де. Америкалық боксшы бүгінге дейін 4 жекпе-жек өткізіп, оның үшеуінде жеңіске жеткен. Ал бір кездесуді тең есеппен аяқтапты (3-0-1, 2 КО). Даниярдың командасы Кидтің әлі күнге дейін жеңілмегенін есепке алып, арнайы таңдаған. Себебі, кәсіби боксты сәтті бастау үшін әлі жеңіліп көрмеген боксшылармен кездесу маңызды.
«Мен кәсіби боксқа ауысамын да, әлем чемпионы атанамын! Иә, бұл рас. Мен әлем чемпионы атану үшін ғана кәсіби боксқа ауыстым».

Данияр Елеусінов журналистер мен халық алдында осылай деді. Бұл - нағыз чемпионның сөзі.

Ал ол бұл мұратына Head&Shoulders сауда белгісінің көмегімен жете алады. Себебі ол қазақ боксшысын қайызғақтан 100%-ға арылтып, оның өзіне деген сенімділігін арттыруға сеп болады. Head&Shoulders өнімін қолданған сайын ол жеңіске жететініне сенімді болмақ. Head&Shoulders сыйлайтын тазалық оны жігерлендіре түсіп, қарсыласының алдында үстем болуға мүмкіндік береді. Данияр өзінің ерік-жігері мен тоқтаусыз жаттығуларының арқасында биік шыңдарды бағындыруға ниетті. Мықты әрі сымбатты қазақ боксшысы Head&Shoulders-пен бірге бокс әлемін әлі талай дүр сілкіндірері анық.