Қазақстандық ата-аналар мектеп пен балабақшаға өтініш беру уақытын үнемдей алады
BILIMALMATY.KZ - Алматы қаласының аналары бағалап үлгерген
ыңғайлы қызмет
KAZ
RU
Қазіргі өмір ырғағы әркез уақытты үнемдеуді талап етеді. Қазақстандықтар жәй дүкендерге қарағанда онлайн-дүкендерді және мемлекеттік мекемелерге барып, қызмет алу үшін көп уақыт жоғалтқаннан гөрі интернеттегі қызмет көрсету жүйесін артық көреді.
______
Алматы қаласының екі тұрғыны Әсем және Екатерина балаларды мектепке және балабақшаға қабылдау кезінде уақытты қалай үнемдегені жайында айтып берді.


»
Асем Нурсеитова
3 баласы бар

«
Белсенді өмір салтын ұстанады. Ол безендіру дизайнымен айналысады және үш белсенді және жігерлі балаларды тәрбиелейді, сондықтан бос уақыт өте аз.

1 жас 10 айында ең кіші қызы жекеменшік балабақшаға бара бастады.Отбасы балабақшаға кезекке тұрды, бірақ оны қалай тексеру керек екенін білмеген.
"Басқа аналар мен құрбыларымнан bilimalmaty.kz сайты туралы білдім ,оны көруге шешім қабылдадым, кезекті тексеріп қана қоймай, сонымен қатар өзіме және балама қолайлы балабақшаны таңдай алдым. Әрине, үйге жақын болу үшін тұрғылықты жеріміз бойынша таңдадық.

Жекеменшік балабақшадан мемлекеттік балабақшаға ауыстық. Біріншіден, күн тәртібі қатаң сақталады, ас мәзірі өте қолайлы, бақылау көп, және баға айтарлықтай төмен. Балалар көп әрине, бірақ бұл жақсы – бала тезірек бейімделеді, әлеуметтенеді, иммунитеті өндіріледі.

Ең бастысы, бәрі өте тез және үйден шықпай жасалады – уақытты үнемдеудің керемет амалы. Мен кезекті бақылауға, тексеруге болатынын білмедім. Қызымнан кейін bilimalmaty.kz көмегімен тағы да екі жиенімді балабақша кезегіне қойып алдық", - Асем.

Асем болашақта балаларды қосымша секцияларға немесе үйірмелерге беруді жоспарлап отыр, оны да bilimalmaty.kz арқылы онлайн жүзеге асыруға болады.
Мысалы, әйелдің үлкен баласы кіші қызы сияқты музыкамен әуестенеді. Ал орташа ұлы шахмат пен футболға қызығушылық танытады.

Бір сөзбен айтқанда, отбасында ешкім жайбарақат, бір орында отырмайды.

»
ЕКАТЕРИНА ВЕРТУГИНА
2 баласы бар

«
Екатерина Вертугина дәрігер-психотерапевт болып жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Екатерина – екі баланың анасы, оның бірі биыл бірінші сынып табалдырығын аттады. Бұрын отбасы Жұлдыз шағын ауданында тұрса да үлкен ұлын қала орталығында орналасқан мектепке алып келтін.

Кіші бала бірінші сыныпқа баратын жасқа толғанда, ата-анасы үйдің жанындағы мектепті таңдауға шешім қабылдады.


"Мен мектепке барғанда, оқу ісінің меңгерушісі маған баланы bilimalmaty.kz порталы арқылы бірінші сыныпқа рәсімдеуге көмектесті. Үлкен баламды рәсімдегенде, мұндай сайт әлі болған жоқ, сондықтан мен осы жолы да қағаздарды толтыруға көп уақыт кетеді деп ойладым. Барлығы бес-ақ минутта дайын болғанда мен қатты таң қалдым!

Тек тамыз айында ғана қажетті құжаттарды әкелдім. Енді барлық достарыма осылай жасауға кеңес беремін,кейбірінің балалары келесі жылы бірінші сыныпқа барады. Оларға балаларды мектепке онлайн рәсімдеуге кеңес беремін. Уақытты үнемдеудің өте тиімді әдісі", - дейді Екатерина.





NUR.KZ тілшісі де сайтқа кіріп көрді. bilimalmaty.kz порталында баланы мектепке немесе балабақшаға, оған қоса қосымша секциялар мен үйірмелерге қабылдау туралы өтініш беруге болады. Тіркеу көп уақытты алмайды және көп деректерді талап етпейді.

»
Сайттың танымал қызметтері
Мектепке қабылдау
Үйірмелерге қабылдау
Балабақшаларға қабылдау
Колледжге қабылдау
Жұмысқа қабылдау
Білім беру мекемелеріне қабылдау

«
Алматы қаласының білім басқармасы


"Интернет портал Нур" ЖШС, 2009-2018. Барлық құқықтар қорғалған