Жаңа үй –
ЖОБА СЕРIКТЕСI
жаңа өмір
RU
KAZ
Өнеркәсіптік индустрияландыру ғасыры жаппай құрылыс ғасырымен ауысты. Ел басым бөлігін кең дала алып жатқан аумақты біртіндеп толтыруда. Қалалар бұрын-соңды болмаған жылдамдықпен өсіп келеді, сәулет–дизайнерлік ой батыл болып келеді, халық саны - бірнеше есеге өсті. Қоғамға тіршілік үшін көп орын қажет. Және халықтың басым көпшілігі жаңа тұрғын үйді таңдау кезінде назар аударатын ең басты фактор - бағасының қолжетімділігі.
"Жайлылық аймағы" туралы армандар Маңғыстау облысының орталығы - Ақтау қаласында облыс әкімдігі мен "Каспий "ӘКК" АҚ - ның бірлескен жобасы "Аққу" тұрғын үй кешенінің пәтерлері арқылы жүзеге асырылған. Жаңа үйлер қаланың болашақ орталығында орналасқан және қуатты инфрақұрылыммен жабдықталған. Модельді іске асыруға Екінші деңгейдегі банктер ықпал етеді.
Жаңа пәтердің бақытты иесі Анастасия Бекмағамбетова Жаңа "Аққу" тұрғын үй кешенінде пәтер сатып алуы туралы өз хикаясын айтып берді. Оның айтуынша, жаңа пәтер сатып алу шешімі – оның өміріндегі басты шешім болды. Көшу туралы ой Настя мен оның күйеуі Әмірде 2017 жылы пайда болды. Сол кезде Настя мен Әмір жақында ғана отбасы құрып, өзгелер сияқты, айлықтан айлыққа дейін өмір сүрді.
Әмір кешен спорт кешенінен, Назарбаев мектебінен, "Дина" гипермаркетінен және балабақшалардан екі-ақ қадамда
орналасқанын айтты.
"Балабақшалар? Сен балалар туралы ойладың ба?",- деп келіншек күйеуінен сұрапты. Ол оған: "бұл туралы кім армандамайды?", - деп жауап қатқан екен.

"Біздің әрқайсымыз өз отбасы мен жайлылық аймағын құру туралы ойлайды. Және біз де ойладық. Әмір көп ақша табу үшін вахталық әдіспен жұмысқа тұрды. Ол көп уақыт үйде болмады. Біз кездесе бастағанда, 1-ші шағын ауданда ескі алмалы-салмалы пәтерлерде тұрдық. Ол жерден жұмысқа жету өте ыңғайсыз болды, әсіресе күйеуім жоқ кездерде, - деп күлді Настя. - Қаланың барлық инфрақұрылымы орталыққа көшті. Мен де көшуді қаладым. Оның үстіне, менің күйеуім балалар туралы сөз қозғаған еді, енді менің кең үй туралы ойларым жиі пайда бола бастады. Бірақ біз арманды жүзеге асыруға арналған қаражатты қайдан табуға болатынын білмеген едік. Нақтырақ айтса - мен білмедім".

Бір күні кешке, отбасылық кешкі ас кезінде Әмір әйеліне жаңа пәтерге көшу туралы қуанышты жаңалықты хабарлады. Келіншек жаңа пәтер бұрынғы тұрған жеріне жақын болады деп ойлады, бірақ күйеуі оны 33-ші ықшамауданға алып келіп, "Аққу" тұрғын үй кешенін көрсетті. Ол серуендеуді ұсынды. Настя күйеуі кешеннің орналасу артықшылықтары туралы айтқанын есіне түсірді. Болашақ ана, ошақтың сақтаушысы ретінде Анастасия осы факторлардың әрқайсысын бағалап, өз отбасының жаңа жерде жайлы сезінетінін түсінді.

»
Қоғамның ұяшығына тұрғылықты ұяшық қажет
"Қоғамның ұяшығына тұрғылықты ұяшық қажет, - деді күйеуім. - Жаңа "Аққу" тұрғын үй кешені бізге осындай мүмкіндік берді. Қарашы - үйлердің төменгі қабаттарында дүкендердің және ойын-сауық орындарының болмауы артық шу немесе мазасыздық жөнінде алаңдамауға мүмкіндік береді.
"Лайықты баспана үшін лайықты баға ұсынатындар бар. Барлығы тек табысқа кенелі үшін жасала бермейді, адамдар үшін де ыңғайлы ұсыныстар жиі жасалады. "Каспий" ӘКК" немен айналысса да, мен олардың бастамаларын қуана қолдаймын, - деп атап өтті Әмір. - Облыстық ұйым жастарға таңдау мүмкіндігін ұсынған кезде, өз елінде жайлы өмір туралы ойларды жүзеге асыруға мүмкіндік бергенде - неге қолдамасқа? Ойлап көрші, олар барлығын алдын ала жоспралап қойды, қала кең далаға беттеп өсіп келеді, жақын арада біздің жаңа мекеніміз үлкен Ақтаудың жаңа орталығына айналады".

«
"Заманмен қатар аяқ алып жүру, өз отбасын жайлы жағдайда құру және қоныс аудару туралы ойламау мүмкіндігі" - міне Бекмағамбетовтер отбасы Жаңа жылға осындай сыйлық алды. "Атамекен — анаң екен, Қысылғанда панаң екен" - деп аталарымыз айтып өткендей, барлық жақсылардың бәрі әрқашан жаныңнан табылады. Әрбір отбасына құтты орнын тауып, жаңа жылда барлық армандары орындалуына тілектеспіз! - деп жас отбасылық жұп тілектерін білдірді. - Ал "Каспий" ӘКК сізге осы арманды жүзеге асыруға көмектеседі!".